«SAURAN» өңірлік маңызы бар
индустриялық аймақ құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңдарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ (бұдан әрі – Индустриялық аймақ) 20 (жиырма) жыл мерзімге құрылсын.
- Индустриялық аймақ туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.О. Көшеровке жүктелсін.
Облыс әкімі Д. Сатыбалды
|
З.С. Жолдасов
|
Б.Д. Тәжібаев
|
|
Е.А. Әлімқұлов
|
Қ.Ә. Қайыпбек
|
|
Е. Кенжеханұлы
|
К.О. Елибаев
|
|
Н.О. Көшеров
|
|
Түркістан облысы әкімінің
«___»_____2024 жылғы
№____ қаулысна қосымша
«SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы Ереже
- Жалпы ережелер
- Осы Ереже (бұжан әрі – Ереже) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы
№ 607 бұйрығымен бекітілген өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді және «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың мақсатын, міндеттері мен жұмыс істеуін айқындайды.
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақта қызмет Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
- Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.
- индустриялық аймақ – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;
- өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ – жергілікті бюджеттен толық не ішінара қаржыландырылуын жүзеге асрыу болжанған жағдайдағы айқындалатын заңды тұлға;
- индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
- индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;
- инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, көрсетілетін байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер;
- уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
- жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
- Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың
мақсаттары мен міндеттері
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың негізгі міндеттері:
- өнеркәсіптік кешен саласындағы жеке кәсіпкерлікті жеделдетілген дамытуға жәрдемдесу;
- жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға шығындарды оңтайландыру;
- өндірістің тиімділігін арттыру;
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.
- Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың
басқарылуы және жұмыс істеуі
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде кемінде жиырма жыл мерзімге құрылады.
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құруды және оның аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты осы индустриялық аймақтың құрылу мерзімі өткен соң таратылады.
- Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген индустриялық аймақтың жұмыс істеу мерземі жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ұзартылады.
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ қызметі басқарушы компаниямен үш жылдық кезеңге бекітілген индустриялық аймақтың даму стратегиясына, сондай-ақ Заңның 14-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленетін даму жоспары және оның инфрақұрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақта қатысушылардың қызметі индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынуды «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың аумағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
- «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау Заңның 11-бабы 19) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
- Қорытынды ережелер
Осы Ережемен реттелмеген «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстығы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.