Хабарландыруға №1 қосымша Өтінімді сараптау үшін қажетті құжаттар тізбесі

Хабарландыруға

№1 қосымша

 

Өтінімді сараптау үшін қажетті құжаттар тізбесі

 

  1. Инвестициялық жобаны іске асыруға өтінім;
  2. Заңды тұлғалар үшін-құрылтайшылар құрамын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама; жарғы (барлық өзгерістермен және толықтырулармен); құрылтайшылардың, бірінші басшының жеке куәліктерінің көшірмелері; қаржы және заң құжаттарына қол қою құқығымен бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және бірінші басшының өкілеттігін растайтын өзге де құжаттар;
  3. Инвестициялық жобаны іске асыру туралы құрылтайшының тиісті түрде ресімделген корпоративтік шешімі / шешімі (өтінім бойынша серіктестіктің уәкілетті органының оң шешімі болған кезде ұсынылады);
  4. Салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
  5. Жобаны қаржыландыру көздерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірмелер, қаржы ұйымының уәкілетті органының қарыз қаражатын беру туралы шешімі, өзге де растайтын құжаттар);
  6. Алдын ала эскиздік жоба (бар болса);
  7. Қоршаған ортаға әсерді бағалау (бар болса);
  8. Инвестор мен оның құрылтайшыларына бірінші кредиттік бюроның есебін алуға келісім;
  9. Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беру;
  10. Кредиттік берешектің жай-күйі (өткен жыл үшін және ағымдағы жыл үшін); ағымдағы күнгі жағдай бойынша өткен жылдың басынан бастап кезең үшін банктік шоттар бойынша ай сайынғы айналымдар (теңге/валюта) туралы қызмет көрсететін банктерден анықтамалар;
  11. Инвестор қатысушыларының жалпы жиналысының жарғыны бекіту туралы, инвесторды құру және тіркеу туралы шешімі, сондай-ақ жарғылық капиталды қалыптастыруды растайтын құжаттар;

* өтінімді қарау (сараптау) барысында Серіктестік қосымша құжаттарды, ақпаратты сұратуға құқылы.

 

Дата публикации
02 февраля 2024