Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысын талқылау бойынша өткізілген жиналыстың ХАТТАМАСЫ

Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысын талқылау бойынша өткізілген жиналыстың

ХАТТАМАСЫ

Түркістан қаласы                                                                              05.05.2023 ж.

 

Қатысқандар: Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобының мүшелері, басқарма қызметшілері және облыстық көркемдік кеңес алқасының мүшесі Кенжетайұлы Мұқағали.

 

Күн тәртібі: Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасының қорытындысын талқылау.

 

Басқарма басшысының орынбасары С.Көшкінбай:

«Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысын орындау шеңберінде, 2022 жылы ақпан айында №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (бұдан әрі – №4 ҮББ) іске асырылуда. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарды атап өтті:

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18.11.2015ж. Заңының 8-бабының 5-тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қантардағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»              № 21 бұйрығына сәйкес, 14.04.2023 ж. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №6 н/қ бұйрығымен бекітіліп Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының (бұдан әрі –Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Ішкі талдау) жүргізілгені туралы айтып, нәтижесімен таныстырып өтті. Қатысушылардан өз ойларын және ұсыныс пікір білдіру қажеттілігін айтып өтті.

Ішкі талдау нәтижесі бойынша - 4 сыбайлас жемқорлық тәуекелі (кәсіпкерлкті дамыту бөлімінде – 3, жер қойнауын пайдалану бөлімінде - 1) анықталған, талдамалық анықтама Басқарманың электронды сайтына жарияланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Заңға сәйкес ары қарай жұмыстар жүргізілетін болады.

Облыстық көркемдік кеңес алқасының мүшесі М.Кенжетайұлы өз тарапынан басқарма қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін тоқсан сайын жиналыстарды тұрақты түрде өткізу қажеттілігін атап өтті.

 

 

Басқарма басшысының орынбасары                                                 С. Көшкінбай

 

Хатшы                                                                                                  Ш. Мамадалиева

Дата публикации
11 мая 2023