Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Түркістан облысның кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 Түркістан қаласы                                                          30.03.2020 ж.

  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылға және 2020 жылдың                        1-і тоқсанның 13 наурызына дейін әкімшілік бөліміне ішкі талдау бекітілген іс-шара жоспары бойынша жүргізілді.

 

Сыбайлас жеморлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

 

  • Басқарманың қызметін қамтитын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларды анықтау;
  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • мемлекеттік қызмет көрсету;
  • сот актілері;
  • прокурорлық қадағалау актiлерi.

 

Талдамалық анықтама: Басқарма бекітілген ережеге сәйкес облыстың әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыруға және қол жетуге ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында қызмет етеді.

  • Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі «Мемлекеттік мекемелер туралы №68 қаулысына сәйкес, «Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустиалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып екіге бөлініп, 2019 жылғы 12 тамызында Түркістан қалалық Әділет басқармасында тіркелді (БСН – 190840011299). «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының мемлекеттік қызметшілердің штат құрылымы – 16 бірлік, 2019 жылдың 31 желтоқсанына нақты штат саны – 12 бірлік құрады. Ал бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметшілер саны - 10 бірлік құрайды (6-бірлік бос орын) . Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмады;
  • Басқарма құрылғалы бері 2019 жылға негізгі құрам бойынша -                               27 бұйрық, жеке құрам  бойынша - 46 бұйрық, 2020 жылдың  І-тоқсаны  бойынша негізгі құрам бойынша – 6 бұйрық, жеке құрам бойынша - 22 бұйрық заңнама талапатарына сәйкес әзірленген.  Кадрлық  ауысулар  кезінде  заң бұзушылықтар анықталмаған. Атап айтқанда: 2019 жылы 2 қызметкер жалпы конкурс хаттамасы негізінде жұмысқа жеке құрам бұйрығымен қабылданған, 2020 жылы І-тоқсанында 2 бас маман (Д-О-4) отбасы жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан  босатылды  (бүгінгі таңда Туребеков К.С. – жұмыссыз, Акрамов Д.С. – Шымкент қаласының № 64 мектеп директорының шаруашылығы жөніндегі орынбасары).
  • 2019 жылдың 4 тоқсанында басқармаға заңды тұлғадан – 1 өтініштер түскен, жеке тұлғалардан – 5 өтініш түскен. Өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заң талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалмаған. 2020 жылғы І тоқсанда түскен өтініштер саны –1. Өтініштер Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес қарап, өтініш иесіне тиісті жауабы жолданған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты заң бұзушылық анықталмаған.
  • Басқарма қызметшілер арасында өзінің жеке мүддесі үшін қызмет бабын пайдаланып біреуге ықпал жасау әрекеттері анықталмады. Басқарма қызметшілері арасында бір-біріне  туыстығы  жоқ екендігі анықталды.
  • Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы бойынша                     2 мемлекеттік қызмет кәсіпкерлік бөлімі тарапынан ұсынылады (талдау бекітілген кестеге сәйкес тамыз айында талданады):
  1. «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағадрламасы шеңберінде бизнес-инкубациялық аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриялдық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметі көрсетіледі;
  2. «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағадрламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету (№5) бекітілген мемлекеттік стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі;

Облыстық кәсіпкерлік және сауда  басқармасында 2019 жылы 7 бюджеттік бағдарламадан барлық бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілді.

6) Басқармаға қатысты 2019 - 2020 жылдары сот актілері жүргізілмеген.

7) Прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актiлерi жүргізілмеген.

     Басқарма бөлімдермен өз қызметін бекітілген ережеге және атқаратын функцияларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларын соңғы өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып жұмыстарын атқарған. («Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдары, «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы», «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтары, «Бюджеттік бағдарламарларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»), «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары. Қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталмады. Басқарма қызметіне қарасты жариялануы тиіс облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері және басқа да материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында айқындалған тәртіпте жарияланған. Түркістан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасына қатысты негізгі ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде енгізіліп, қажет жағдайда жаңартылып отырған. Басқарманың интранет-порталында (МОИП) қызметтік пайдалану үшін басқармаға қатысты материалдар және ашық деректер қамтитын ақпараттық-анықтамалық және статистикалық база орнатылып, қажетты ақпарат тұрақты түрде енгізіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында басқарманың мемлекеттік сатып  алуларына  қатысты  ақпараттар ілінген.

Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі «Мемлекеттік мекемелер туралы №68 қаулысына сәйкес, «Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустиалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып екіге бөлініп, 2019 жылғы 12 тамызында Түркістан қалалық Әділет басқармасында тіркелді (БСН – 190840011299). «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының мемлекеттік сатып алудың тауарлар, жұмыстар мен қызмет қаралғаны сомасы  38 812 351 (отыз сегіз миллион сегіз жүз он екі мың үш жүз елу бір) теңгені құраған. 19 келісім-шарт жасалынып,                        2019 жылдың 31 желтоқсанына келісім-шарттар толығымен орындалды.

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы 2020 жылға мемлекеттік сатып алудың тауарлар, жұмыстар мен қызмет қаралған сомасы – 31 551 116 (отыз бір миллион бес жүз елу бір мың бір жүз он алты ) теңгені құрады.

2020 жылғы 3 қаңтарынан бастап басқармада 4 келісім-шарт жасалды, жалпы сомасы 2 729 236 теңгеге.

Басқарма қызметшілері арасында 2019 жылы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша, «Интернет желілерін пайдалану», «Мүдделер қақтығысы», «Мемлекет мүлкін пайдалану», «Іскерлік этикет» тақырыптарында түсіндіру жүргізіліп, анонимді сауалнама толтырылып, аталған бейнероликтер қызметкерлердің дербес компьютерлерінде орналастырылды. Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә. Әлішовпен мемлекеттік қызметшілер арасында кездесулер өткізіліп, анонимді сауалнамалар толтырылды. Туындаған мүдделері қайшылығы немесе оның туындауының мүмкіндігі туралы өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарландыру қажет екендігі аталды. Басқармада мемлекеттік және келісім-шарт негізіндегі қызметшілер арасында туыстар жоқ.

2020 жылдың қаңтар айында басқарма қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бақылауымен мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП-ИПГО) арқылы анонимді сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                                   29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» №152 Жарлығына екі рет түсіндіру жұмыстары өткізілді.  

Сондай-ақ, басқармаға түскен азаматтардың шағымдарын зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен шарттар анықталмаған. Басқармада мемлекеттік қызмет заңнамасының және әдеп нормаларының талаптары қатаң сақталған.

Ішкі талдау жүргізген жұмысшы топ мүшелері:

 

Басқарма басшысының орынбасары

 

 

      Қ. Сыдықов

 

 

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

 

        С. Көшкінбай

Сауда бөлімінің

басшысы

 

       Е. Лаханов

 

Дата публикации
30 апреля 2020