Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Түркістан қаласы                                                                      24.05.2022 ж.

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (Әрі қарай – Басқарма) 2020 жыл, 2021 жыл, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында  Басқарманың жұмыстарына ішкі талдау 2022 жылғы 11 сәуірдегі Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының м.а. И.А.Досхожаевпен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші базалық бағытының жобаларын орындау шеңберінде Түркістан облысының басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес жүргізілді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

 

1: Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау        

2: Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

3: Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

4: Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

5: Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

6: Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

7: Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

8: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

9: Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  • Талдамалық анықтама: Басқарма бекітілген ережеге сәйкес облыстың әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыруға және қол жетуге ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында қызмет етеді.
  • «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 12 тамызында Түркістан қалалық Әділет басқармасында тіркелді (БСН – 190840011299). ҚР Президентінің 2021ж. Жолдауындағы тапсырмасы бойынша Түркістан облысы әкімдігінің 27.10.2021ж. «Облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың штат құрылымы туралы» №252 қаулысына сәйкес, Басқарманың штаттық құрылымы 15% 2 бірлікке қысқартылып, 13 бірлікпен қайта бекітілді. Басқарма 3 (үш) бөлімнен құрылған (электрондық коммерция және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімі – 4 бірлік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу бөлімі – 3 бірлік, кәсіпкерлік - 4 бірлік, басқарманың бас маманы (есепші) -                    1 бірлік).

 

№

Мерзімі

Штат саны

Нақты саны

Бөлімдер саны

1

2020 жыл (желтоқсан)

15 ( 16 бірлік болып, 2020 жылдың сәуір айында  1 бірлікке қысқартылды)

13

3

2

2021 жыл (желтоқсан)

13 ( 15 бірлік болып, 2021 жылдың қазан айында  2 бірлікке қысқартылды)

11

3

3

2022 жыл (қаңтар-мамыр)

13

11

3

 

Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 11 бірлік (2-бірлік бос орын).

2020 жылы таза ауысымдылық бойынша мемлекеттік қызметтен шыққан қызметшілер 2020 жылы басынан 2 бас маман (D-О-4) және сауда бөлімінің басшысы (D-О-3) отбасы жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылды (Туребеков К.С. – жеке сектор, Акрамов Д.С. – Шымкент қ. № 64 мектеп директорының шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Е.И.Лаханов – «Түркістан ӘКК» АҚ менеджері).

2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтен таза ауысымдылықпен (өз еркімен - жеке секторға ауысу) босағандар саны – 3 бірлік, (Құдайберген Б.А. - 20.04.2021 ж. ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментіне орналасты, Қожантаев Ә.Б. - 21.04.2021 ж. №129-ж, бұйрығымен Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Жібек Жолы" кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша бас маманы, Серғазиев Д.А. - жеке сектор,) Мемлекеттік қызметтен шығар алдын, мемлекеттік қызметші шығу сұхбатын (анкета) міндетті түрде толтырады.

Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмады.

2022 жылдың қаңтар - мамыр  аралығында негізгі құрам бойынша жалпы – 10 бұйрық, жеке құрам барлығы - 37 бұйрық заңнама талаптарына сәйкес әзірленген (2020 жылы негізгі құрам бойынша-59 бұйрық, жеке құрам бойынша -126 бұйрық әзірленді. Ал, 2021 жылы негізгі құрам бойынша- 45 бұйрық, жеке құрам бойынша -144 бұйрық әзірленген).

Басқармада бүгінгі таңға дейін тәртіптік шараға тартылғандар жоқ. Басқармада мемлекеттік қызметшілердің және басқармаға бағынысты мекемеде қызметіне кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағандар, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар және мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылғандар анықталмаған (ҚР Бас Прокуратурасы ҚСжАЕК «Ақпараттық қызмет» жүйесімен қалыптастырылған анықтамаларына сәйкес мәліметтер жоқ).

2022 жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 38, оның ішінде 19 өтініш басқармамен қаралды, қалған 19 өтініші тиістілігіне сәйкес басқа органдарға жолданды. (2020 жылы -17 өтініш, 2021 жылы - 22 ) Өтініштерді Қазақстан Республикасының 2020 жылғы                              29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес қарап, өтініш иесіне тиісті жауабы жолданған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты заң бұзушылық анықталмаған. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалмаған. Азаматтардың шағымдарын зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен шарттар анықталмаған.

Басқармада қызметшілер арасында өзінің жеке мүддесі үшін қызмет бабын пайдаланып біреуге ықпал жасау әрекеттері анықталмады. Басқарма қызметшілері арасында бір-біріне туыстығы жоқ.

4: Өзінің материалдық мүддесін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшінші тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалану мәселесі шешім қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету мәселесі, мемлекеттік (және өзге) функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми таратуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерде пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы алу фактілері анықталмаған.

Басқарма қызметшілерінің арасында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатыны анықталмады.

 

5: Басқарманың кәсіпкерлік бөлімі 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді;

а) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу.

б) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру (толығымен іске асырылуы, бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпарат тұрақты түрде жоғары органға жолданып тұрады).

2020 жылдың қорытындысымен 7 бюджеттік бағдарламадан барлық бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасы бойынша қала және моно қала кәсіпкерлерін несиелеу үшін  2021 жылға бөлінген - 800 млн. теңге бүгінгі таңда, 81 жобаға - микронесие ретінде берілді. 

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасы бойынша қала және моно қала кәсіпкерлерін несиелеу үшін  2021 жылға бөлінген - 800 млн. теңге бүгінгі таңда, 64 жобаға - микронесие ретінде берілді. 

 

6: және 7: «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің рұқсат беру функциялары және бақылау функциялары іске асырылмайды, құзіреттілігіне жатпайды.

 

8: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасына «Қазақстанда жасалған» атты көрме ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Алайда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, COVID–19 коронавирусының таралуының алдын алу мақсатында іс-шаралар тоқтатылып, бөлінген қаржы кері бюджетке қайтарылған. Бүгінгі таңда, басқарма тарапынан іс-шара өткізілмейді.

 

9: Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау «Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы» бюджеттік бағдарламадан барлық бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілді және басқармасының қызметкерлеріне жалақысы және салық төлемдері  дер кезінде жүргізіледі.

 

Басқармаға қатысты 2019 жылы құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін сот актілері жүргізілмеген. Прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актiлерi жүргізілмеген.

Басқарма бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталмады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан тоқсан сайын тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП-ИПГО) арқылы және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде сауалнама жүргізіледі (2022 жылғы ақпан айында өтті).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу» мақсатында жиналыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Басқармада мемлекеттік қызмет заңнамасының және әдеп нормаларының талаптары қатаң сақталған.

Ішкі талдау жүргізген жұмысшы топ мүшелері:

Электрондық коммерция және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы

                               Қ. Сыдықов

 

Кәсіпкерлік бөлімінің

басшысы

 

         

  

        С.Көшкінбай

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы

 

      

         А. Шенгелбаев

Басқарманың

бас маманы (есепші)

 

          

         Г. Аитмурзаева

Электрондық коммерция және қызмет көрсету саласын дамыту  бөлімінің бас маманы

                        

                               Т. Бегмаш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
08 июня 2022