Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАРДЫ ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
4) жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
5) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;
6) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;
7) ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған);
9) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда);
10) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік.
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.
- Бизнес-жоба – кәсіпкердің жоспары, ол өз бизнесіңді құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашады, сипаттамалар, есептемелер, болжамдар нысанында орындалады, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруды және жаңа жұмыс орындарын құруды, жобаны іске асырудың мерзімдерін қамтиды;
- Жаңа бизнес-идея – осындай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдана отырып тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (конкурс өткізу кезінде нақты елді мекенде немесе ауылдық округте іске асырылмайтын тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады);
- Кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
- Ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне 3 (үш) жыл толмаған кәсіпкер (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
- Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі кәсіпкер (ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтініш жасаған күнге айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
- Мыналар:
1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін міндетті емес) бірлесе қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.
- Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады:
1) тауарларды шығаруға немесе қызметтерді көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, шикізатты және материалды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын:
1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;
2) жалдау ақысы ретінде;
3) үлестес/байланысқан компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);
4) бұрын қолданыста болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға пайдалануға болмайды.
- Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.
- Мынадай:
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;
4) мемлекеттік грантты алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда) кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар
Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) оралмандар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторларының тізбесі
|
ЭҚЖЖ |
Атауы |
|
Агроөнеркәсіптік кешен |
|
|
01 |
01.11 "Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
|
03 |
Балық шаруашылығы және акваөсіру |
|
10 |
Тамақ өнімдерінің өндірісі |
|
11.06 |
Уыт өндірісі |
|
11.07 |
Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі |
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі |
|
|
08.12.1 |
Қиыршықтас және құм карьерлерін игеру |
|
09 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілетін қызметтер |
|
Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру |
|
|
13 |
Тоқыма бұйымдарын өңдеу |
|
14 |
Киім өндірісі |
|
15 |
Былғарыдан жасалған және оған қатысты өнімдер өндірісі |
|
16 |
Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндірісі; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі |
|
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі |
|
18 |
Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру |
|
20 |
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
|
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі |
|
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі |
|
31 |
Жиһаз өндірісі |
|
Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес |
|
|
23 |
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі |
|
Металлургия, металл өңдеу, машина жасау |
|
|
24 |
Металлургия өнеркәсібі |
|
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі |
|
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі |
|
27 |
Электр жабдықтары өндірісі |
|
28 |
Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі |
|
29 |
Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндірісі |
|
30 |
Өзге де көлік құралдары өндірісі |
|
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
|
Өнеркәсіптің басқа да секторлары |
|
|
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі |
|
35.11.4 |
Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.2 |
Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
38 |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату |
|
39 |
Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер |
|
Көлік және қоймаға сақтау |
|
|
45.2 |
Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
|
49.3 |
Құрлықта жүретін өзге де жолаушылар көлігі |
|
49.41 |
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау |
|
50 |
Су көлігі |
|
52 |
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі |
|
53 |
Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет |
|
Туризм |
|
|
55.10 |
Қонақүйлердің қызметтер көрсетуі |
|
55.20 |
Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру |
|
55.30 |
Кемпинг, рекреациялық автопарктер және трейлер парктеріне арналған алаңдар |
|
Ақпарат және байланыс |
|
|
59.14 |
Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет |
|
61 |
Байланыс |
|
62 |
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер |
|
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет |
|
|
69.2 |
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар |
|
71 |
Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет |
|
72 |
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер |
|
74 |
Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
|
75 |
Ветеринариялық қызмет |
|
81 |
Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет |
|
Білім беру |
|
|
85 |
Білім беру |
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер |
|
|
86 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
|
87 |
Тұратын жермен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну |
|
88 |
Тұратын жермен қамтамасыз етпей, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну |
|
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
|
|
91 |
Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі |
|
93 |
Спорт, ұйымдастыру және ойын-сауық (дискотекаларды қоспағанда) саласындағы қызмет |
|
Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну |
|
|
95 |
Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу |
|
96.01 |
Тоқыма бұйымдары мен тері бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық) |