Жекешелендіру мәселесі бойынша
ҚР Үкіметімен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес облыс бойынша 2014-2020 жылдары коммуналдық меншіктегі 36 мекемені бәсекелестік ортаға беру жоспарланған болатын.
2020 жылдың 29 сәуіріне дейін коммуналдық меншіктегі 36 мекеменің 29-ы жалпы 13 323,0 млн. теңгеге жекешелендірілді, қалған 5 мекеменің 2-уі банкрот болып танылғандығына байланысты жойылса, ал 3 мекеме 3 рет электрондық сауда-саттыққа шығарылып сатылмау себебінен жойылды.
Басқарма облыс бойынша жекешелендірудің Кешенді жоспарының орындалуы туралы мәліметті жинақтап тиісті жоғарғы атқарушы органдарға жолдап отырады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап облыстық коммуналдық меншіктегі тозығы жеткен 32 автокөлік және басқа жекешелендіру нысандарын сатудан жергілікті бюджетке 13,2 млн.теңге түскен.
Жайларды жалға беру бойынша
2020 жылдың 29 сәуіріне дейін облыстық коммуналдық меншіктегі жалпы алаңы 3715,4 шаршы метр тұрғын емес жайы жалға беріліп, жылдық жоспар – 26,6 млн. теңгені құраса, нақты бюджетке 14,7 млн. теңге түсім түсті, яғни жоспар 55,3%-ға орындалды.
Сенімгерлік басқару бойынша
2020 жылдың 29 сәуіріне дейін Басқарма облыстық коммуналдық меншіктегі 3 мүліктік кешенді (колледждер) кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша келісімшарттар түзді.
Сонымен қатар, сенімгерлік басқарушының есеп беруінің тәртібі мен мерзімдері шартпен белгілеп, басқарудың аралық нәтижелері көрсетілетін жылдық есеп, мемлекеттік мүлікті басқарудың нәтижелері көрсетілетін сенімгерлік басқару шартының барлық қолданылу кезеңінің есебі және жылдық есептерін қабылдап бақылу жұмыстарын жалғастыруда.