GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 октября 2026
МАРАФОНШЫЛАР ТҮРКІСТАНҒА СЫЙ ЖАСАДЫ!
Ертең Түркістанда өтетін Республика күніне арналған марафон қарсаңында қатысушылар Жібек жолы саябағында ағаш отырғызды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі бастама биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған марафонның экологиялық мәнін арттыра түсті.
Спортшылар қасиетті қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып, сый жасауға бірауыздан қолдау білдірген. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Құдияров ағаш отырғызу рәсіміне қатысып, келушілерге ыстық ықыласпен сәттілік тіледі.
Биылғы марафонға 26 шет мемлекеттен 300-ден астам азаматты қоса алғанда, 3 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.
📍 25 қазан күні
🏁 Басталуы мен аяқталуы – «Керуен Сарай» кешені
⏰ Уақыты: 06:30–14:30
🏃 Қашықтықтар: 42,2 км, 21,1 км, 10 км, скандинавиялық жүріс және балаларға арналған 3 км.
24 октября 2026
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласында «Жол жиегі – Ел келбеті» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына қала тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері бір кісідей атсалысты.
Сенбілік барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ қала көшелерінде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
24 октября 2026
ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Республика күні мен Түркістан қаласының күніне орай «Керуен-Сарай Арена» туристік кешенінде «Жайнай бер, Түркістан!» атты мерекелік гала-концерт өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты.
Мерекелік кеште қала әкімі тұрғындар мен қала қонақтарын қос мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Өз сөзінде Республика күнінің ел егемендігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын тарихи маңызына тоқталып, Түркістанның ұлт тарихындағы орны мен рухани құндылығын атап өтті.
Сонымен қатар шаһардың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, тұрғындарға амандық, отбасыларына бақ-береке тіледі. Ел бірлігінің нығайып, киелі қаланың даму жолындағы жетістіктері еселене беруіне тілектестік білдірді.
Гала-концертте танымал эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Ернар Айдар және Айдана Меденова өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Әсем ән мен әсерлі өнерге ұласқан кешке жиналған тұрғындар мен қала қонақтары қос мерекенің қуанышын бірге бөлісті. Мерекелік бағдарлама Түркістанның мәдени тынысын кеңейтіп, шаһар тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
24 октября 2026
«ЖАЙНАЙ БЕР, ТҮРКІСТАН!» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТУДЕ
Республика күні мен Түркістан қаласының күніне орай «Керуен-Сарай Арена» туристік кешенінде «Жайнай бер, Түркістан!» атты мерекелік гала-концерт өтуде.
Мерекелік кешке қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, жиналған жұртшылықты қос мерекемен құттықтады. Қала басшысы тұрғындар мен қонақтарға ізгі тілегін жеткізіп, ел бірлігі мен шаһардың өркендеуіне тілектестік білдірді.
Гала-концертте танымал эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Ернар Айдар және Айдана Меденова өнер көрсетуде.
Мерекелік кешке жиналған қала тұрғындары мен қонақтары әсем ән тыңдап, көтеріңкі көңіл күйде Түркістанның айтулы күндерін бірге атап өтуде.
24 октября 2026
ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, еңбек үздіктері, өңірдегі әртүрлі саланың көшбасшылары, жастар және жалпы тұрғындар қатысты.
Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңір тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады.
Ұлттық мерекеде елдің, өңірдің дамуына үлес қосып, еңбегімен дараланған азаматтарға мемлекеттік деңгейдегі марапаттар тапсырылды. Әсіресе, олардың арасында еңбек адамдарына басымдық берілді. Марапат иелеріне кітаптар тапсырылып, руханият саласына да қолдау көрсетілді.
Салтанатты іс-шара рухты оятатын концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекеде отандық және шетелдік өнерпаздар, этноансамбльдер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Әсіресе шетелдік әншілердің қазақша ән шырқауы көпшілікке жылы әсер етті.
Айта кетейік, Түркістан өңірі Республика күнін үлкен жетістіктермен қарсы алды. Облыста 21 индустриялық аймақ құрылып, өндірістік инфрақұрылым кеңейіп келеді. Қазір индустриялық аймақтарда 60 кәсіпорын жұмыс істейді, тағы 45 жоба жүзеге асырылу кезеңінде. «TURAN» арнайы экономикалық аймағында 210 инвестициялық жоба жоспарланған, олардың 22-сі биыл іске қосылды. Сонымен қатар облыста 29 шағын өндірістік парк құру жұмыстары жүргізілуде.
Инвестиция тарту бағытында да оң нәтижелер бар. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында өңір экономикасына 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды. 2019 жылдан бері облыста жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 330 жоба іске асырылып, 23 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Биыл тағы 67 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында тұрғын үй құрылысы, инженерлік инфрақұрылым және жолдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үй алаңы 7 жылда 5 есеге өсіп, 6,3 млн шаршы метрге жетті. Елді мекендерді ауызсумен және табиғи газбен қамту, электр энергиясы тапшылығын азайту, жолдардың сапасын жақсарту бағытында бірқатар жоба іске асырылуда. Облыстағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 94,8 пайызға жетті.
Түркістанның тарихи-мәдени әлеуетін тиімді пайдаланып, туризмді дамытуға да айрықша мән берілуде. 2026 жылдың алғашқы жартысында өңірге 217 мың турист келіп, бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 43,4 пайызға артты. Туристік инфрақұрылымды жаңғырту мен жаңа нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр.
Мерекелік кеште ел дамуының басты өлшемі тек экономикалық көрсеткіштермен шектелмейтіні, әрбір азаматтың белсенділігі, жауапкершілігі мен туған жеріне деген жанашырлығы маңызды екені айтылды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау, қоғамдық ортаны таза ұстау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу баршаға ортақ міндет екені де дәріптелді.
24 октября 2026
ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕН ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Республика күні мен Түркістан қаласының күніне орай қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһардың дамуына үлес қосып, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттады.
Салтанатты рәсімде мәдениет пен өнер, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, спорт, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау және коммуналдық шаруашылық салаларының өкілдеріне құрмет көрсетілді. Олардың қатарында тәжірибелі мамандар, ардагерлер, кәсіпкерлер мен еңбек адамдары бар.
Қала әкімі құттықтау сөзінде Республика күнінің елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын маңызын атап өтіп, Түркістанның өсіп-өркендеуіне әр азаматтың қосқан үлесі айрықша екенін жеткізді. Сондай-ақ адал еңбек пен кәсіби жауапкершілік қаланың дамуына негіз болатынын атап өтті.
Жалпы, мерекелік жиында 24 азамат марапатталды. Бұл – олардың еселі еңбегіне көрсетілген құрмет әрі еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
24 октября 2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа ұлттық спорт кешені пайдалануға берілді. Республика күні қарсаңында ашылған спорт ордасы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жас ұрпақтың спортқа қызығушылығын арттыруға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады.
Жаңа нысаның ашылу салтанатына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, көпшілікті құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортты дамытуға, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға және жастарға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп келеді. Осы бағытта Түркістан өңірінде жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Бүгін ашылған нысан – жай ғана спорт нысаны емес, бұл – ұлттық мұраны ұлықтайтын, жас ұрпақтың бойына рух пен намысты дарытатын маңызды кешен. Ұлттық спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдер қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және садақ ату спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Спорт ордасында 300-ге жуық спортшы жаттығып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады.
Жергілікті бюджет есебінен салынған жаңа спорт кешенінің жалпы құны 619,5 млн теңгені құрайды. 0,7 гектар аумақта орналасқан ғимараттың ауданы 820 шаршы метр. Нысанда қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және садақ атуға арналған жаттығу бағыттары қарастырылған. Мұнда 9 жаттықтырушының жетекшілігімен 300-ге жуық спортшы тұрақты жаттыға алады.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында жалпы құны 11,3 млрд теңгеге 58 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 5,4 млрд теңгеге 31 нысан пайдалануға берілді. Өңірдегі 3 595 спорт нысанының 86 пайызы ауылдық елді мекендерде орналасқан.
24 октября 2026
ТҮРКІСТАНДА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ «RED BUS»-ТА ЖАЛҒАСТЫ
Түркістанда Республика күні мен Қала күніне орай мерекелік көңіл күй қала көшелерінде ерекше сипат алуда. Қос мерекеге арналған екі қабатты «RED BUS» экскурсиялық автобусы тұрғындар мен қала қонақтарына қуаныш сыйлап, мерекелік атмосфераны жандандыра түсті.
Қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов автобус аялдамасында жиналған тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ тұрғындарға сыйлықтар үлестіріліп, автобус ішінде концерттік бағдарлама ұсынылды.
Мерекелік автобус Теміржол вокзалынан бастау алып, Орталық базар, «Turan Mall» сауда орталығының алды және Әуежай аумағында аялдайды.
24 октября 2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан қаласында Республика күні мен қала күні қарсаңында Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан 7 қабатты 14 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл игі іс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы келіп, баспана иелеріне пәтер кілттерін табыстады. Облыс әкімі тұрғындарды қоныстоймен құттықтап, отбасыларына амандық, бақ-береке тіледі.
Салтанатты рәсімнен кейін облыс әкімі мен баспана иелері жаңа тұрғын үйлерді аралап, пәтерлердің жай-күйімен танысты. Заманауи үлгіде салынған тұрғын үй кешендерінде тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.
Жаңа тұрғын үй кешені жалпы 3,5 гектар аумақта орналасқан. Тұрғын үй кешенінде жалпы 588 пәтер бар. Олардың 194-і жалдамалы баспана болса, 394 пәтер жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы беріледі. Пәтерлердің жалпы ауданы 36 720,6 шаршы метрді құрайды.
Мереке қарсаңында жаңа пәтерлердің кілтін алған отбасылар үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Түркістандықтар қуанышымен бөлісіп, ҚР Президентіне, облыс басшылығына алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, биыл Түркістан қаласында 2 мыңнан астам пәтерді құрайтын 43 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Нақтырақ айтқанда, 706 пәтер арендалық болса, 1 382 пәтер жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша тұрғын үй кезегіне 23 мыңнан астам азамат тіркелген.
23 октября 2026
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облысы прокурорының орынбасары Нұрғали Асқанбековтың төрағалығымен қаладағы қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жиынға қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев, полиция басқармасының басшысы Жасұлан Нысанбаев, аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков және қала әкімінің орынбасарлары қатысты.
Жиында қала әкімінің орынбасары М.Әліпов қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасап, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу, ықтимал тәуекелдердің алдын алу және туындаған мәселелерге жедел ден қою бағыттары қаралды.
Сонымен қатар, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына уақытылы назар аудару және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бағытындағы жұмыстың маңыздылығы сөз болды. Халықпен ашық диалог орнатып, мәселелердің алдын алу және оларды уақтылы шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігіне назар аударылды.
Социальные сети
facebook
instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы