Түркістан қаласы бойынша жалпы 137 көпқабатты тұрғын үйлер, 5473 пәтер бар. Оның ішінде ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес кондоминиум объектісі ретінде 105 көпқабатты тұрғын үйлер тіркелген.
Қазақстан Республикасы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2012-2018 жылдары аралығында Түркістан қаласы бойынша 55-көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда «ОҚО үйлерін басқару» ЖШС-і Отырар және I- мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлерге сервистік қызмет көрсетуде.
I-ІІ мөлтек аудандарда орналасқан көп қабатты үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша пәтерлерге газ беру жұмыстарының іс-шара жоспарына сәйкес I және II мөлтек аудандарындағы 72 көпқабатты тұрғын үйлердің 2800- пәтер иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2590 пәтеріне «Орион» ЖШС, «KIND ES+AT» ЖШС-і, «Ай Кар Жан» ЖШС-і, «Халық Газ Строй» ЖШС-і, «Зенит» ЖШС-і мекемелерімен ішкі газ жүйелерін жүргізілді.
Қазіргі таңда І және ІІ мөлтек аудандарындағы табиғи газға толығымен қамтылмаған 33 көпқабатты тұрғын үйлердің 1650 пәтерінің 1283 пәтеріне ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілсе, оның ішінде 483 пәтері газды пайдаланып отыр. Қалған 1217 пәтерді табиғи газбен толығымен қамтамасыз ету үшін іс-шара түзіліп ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін газбен толық қамтамасыз ету жоспарлануда.