Қазақ халқының 21 ханы жерленген, 114 тарихи-мәдени, діни-рухани, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер бар Түркістан - Орталық Азия мен Қазақстанның ең қасиетті орны ретінде құрметтеліп, қастерлеу дәстүріне айналып, түркі әлемнің назарын аударып отырған қала. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған түркі әлемі мен ислам дүниесінде өзіндік орыны бар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - Түркістанның басты жауһары.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістанды жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде тапсырма берген болатын.
Сонымен қатар Түркістанды «тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені, сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары», деп бағалаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жалғасын тапты.
Көне Ясы - Түркістан қаласының орыны болып табылатын Күлтөбе археологиялық ескерткішін «Ескі Түркістан» атты ашық аспан саябақ-музейі болып саналады.
2019 жылы Қ.А.Ясауи кесенесіне келген келушілер мен туристердің саны 1,5 миллионды құрады. Бұл Түркістан қаласының туристік әлеуетінің, оның ішінде тарихи-мәдени және зиярат ету туризмінің әлеуетінің жоғары екендігін көрсетіп, бұл көрсеткішті 2025 жылы 5 млн. келушіге жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, сервис сапасын арттыра отырып, қала аумағы мен туризм объектілерін одан әрі салу үшін инфрақұрылымды жетілдіру бірінші кезектегі міндет болып табылады.
2025 жылға дейін туризмді дамыту және жаңа кәсіпорындар ашу есебінен 8,3 мың жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде орташа жалақы 193 мың теңгеге дейін артып, жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендейді.
Бұл үшін:
2021 жылы 120 орындық қонақ үй-мейрамхана кешенін ашуға;
2021 жылдан Визит-орталығының контентін туристік қызметті жандандыруға және туристерге ақпараттық материалдар ұсыну үшін виртуальды технологиясымен толықтыруға;
«Керуен сарай» шығыс стиліндегі базар мен бірқатар қонақ үй кешендері және «Қ. А. Ясауи» кесенесі жанындағы тарихи-мәдени орталық құрылысын аяқтауға;
2023 жылы «Ұлы дала елі» орталығы құрылысын («Түркі әлемі» орталығы, «Қазақ хандары мен билері» мәдени-тарихи орталығы, «Ұлы дала елі» орталығы) аяқтауға;
2025 жылға дейін жалпы қонақ үйлер саны 26 дан 50-ге жеткізіледі (4,5 мың орынды) және жаңадан 22 мейрамхана (1 320 орынды) салуға;
Жаңа туристік маршруттарды әзірлеу мақсатында күнделікті түйелер керуенімен Сауран қалашығына дейін маршрут ұйымдастыруға;
Қ. А. Ясауи қорығының туристік объектілері мен киелі орындарын дамытуға;
Қаладағы қоғамдық жерлерге, бірінші кезекте Қ.А.Ясауи кесенесінің аумағында, «Түркістан» темір жол станциясы аумағына, Қабылдау үйі аумағына және әлуеметтік-мәдени маңызы нысандарға туристер үшін тегін, ашық Wifi желісі орнатылуына;
Туризм саласында сапалы қызмет көрсету мақсатында, жылына 210 астам мамандар дайындауға ықпал етеді.
Бұл ретте, кез келген қалаға келушіге барлық ақпаратты бірнеше тілде жеткізіп, тарихи орындарға сапар шектіретін жағдай жасалған Қабылдау орталығын айтпасқа болмас. Себебі, туристерді қызықтыру да қонақтарды қалай күтіп алудан басталатыны белгілі. Ол үшін мамандар жан-жақты таңдалып, білімі, кәсіби шеберлігі қарастырылуда.