Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй комуналдық шаруашылық

Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» (бұрынғы атауы Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі) қаланың ішкі және сыртқы инфрақұрылымын, тазалығын, абаттандыру жұмыстарын, жарық, электр сынды ахуалын қамтамасыз етеді.

1. Жылу желілері, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;
2. Қалаішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат беру;
3. Қаланың су құбырларын, тазарту құрылстарын, жылу мен электр желілерін және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастыру;
4. Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;
5. Жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;
6. Коммуналдық қалдықтарды пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлеп, қаланың жергілікті өкілді органына ұсыну;
7. Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді. Сондай-ақ, қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну;
8. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
9. Қаланы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
10. Санитарлық тазартуды қамтамасыз ету;
11. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтіп ұстау;
12. Жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай) амалсыз алып тастау, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық кесуге, ландшафтық кесуге, діңгегін тазалауға рұқсат беру;
13. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған жағдайда өтем төлеу;
14. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау-сметалық құжаттамалар, техникалық, экономикалық жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

Дата публикации
20 апреля 2020
Дата обновления
20 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын баспа басылымында, сондай-ақ баннерлер мен PR-мақалаларды сайтта орналастыру құны.
21 октября 2026
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын, сюжеттерін, бейнероликтері мен анонстарын орналастыру құны.
21 октября 2026

Социальные медиа

facebook
instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы