Стратегиялық экологиялық бағалау есебінің қамту саласын қарау туралы хабарландыру

Стратегиялық экологиялық бағалау есебінің қамту саласын қарау туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) ұсынылды:

 

- «Түркістан облысы Түркістан қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасы

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «МПК-Проект» ЖШС

СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қоғамдастықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер иә болса, бұл әсерлер қандай және неге оларды елеулі деп санайсыз?
  • Бас жоспарды бекітпес бұрын қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерттеу қажет және неге?
  • СЭБ есебінде сізді қызықтыратын қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлер туралы барлық ақпарат қамтылған ба? Қандай ақпарат сізді қызықтырады және неге?
  • Бас жоспарды іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты басқа да ескертулер мен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың әрекет ету мерзімі: 2024-2044 жж

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2025 жыл 25 қыркүйектен бастап (пікірлер мен усыныстарды қабылдаудың соңғы күні 2025 жыл 15 қазанға дейін коса алғанда)

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

e-mail:r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz, b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz    

Жазбаша ескертулер мен ұсыныстарды электрондық түрде министрліктің кеңсесіне келесі электрондық пошта арқылы жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Құжаттарыңыздың кеңсеге жеткенін міндетті түрде келесі телефон арқылы нақтылаңыз: +7 7172 74-08-44

СЭБ материалдары орналастырылған:

Министрліктің ресми сайтында (бөлім «Қызмет» – бөлім «Негізгі құжаттар» – бөлім «Стратегиялық экологиялық бағалау»).

 

 

 

Түсіндірме жазба_КАЗ._
Дата публикации
09 сентября 2025