"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-4 санаты үшін:

            жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

            жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-R-4 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

            жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-4

 

100696

136444

E-R-4

 

95246

128834

 

І. «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір №28, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kz)мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

  1. Түркістан қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:мемлекеттік органға түскен өтініштердің сипатына қарай талдау жасайды, ұсыныстар әзірлейді; азаматтарға заңгерлік көмек көрсету бойынша методикалық ұсынымдар әзірлейді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша ұсыныстар енгізеді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қабылдауды, тіркеуді, шығыс хат-хабарларды тіркеуді, жіберуді ұйымдастырады; кіріс және шығыс хаттарды өңдеу кезінде құжаттардың дұрыс ресімделуіне бақылау жасайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдерінбақылайды; өтініштерді қараутәртібін бұзу деректеріне талдау жасайды, басшыларға баяндайды, ұсыныстар енгізеді; бақылаудағы өтініштердің қаралу мерзімі туралы орындаушыларға ескертеді; «Халықтық кеңсенің», байланысорталықтың, әкімдіктің онлайн парақшасының және әлеуметтік желілердегі тұрғындармен кері байланыс жұмыстарын жүргізеді;«Халықтық кеңсе» арқылы қала әкіміне жазылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды, басшылардың қарауына уақытылы ұсынады, қаралу мерзімінің сақталуына бақылау жасайды; «Халықтық кеңседе» тіркелген жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын және жеке қабылдау карточкаларын күнделікті электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінеенгізіп, құқықтық статистика басқармасына айлық, тоқсандық, жылдық №1-ТӨ нысанды есепті тапсырады; қала әкімінің, қала әкімі орынбасарларының, қала әкімінің аппарат басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық экономикалық қатынастар, мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, жобаларды басқару, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару), есептеу техникасы (математикалық және компьютерлік моделдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету),білім (математика, информатика), құқық (құқықтану).

"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

  1. Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің абаттандыру-көгалдандыру, санитарлық тазалық секторның бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:қаланы көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді; көгалдандыру жұмыстарын жүргізу нормалар бұзылу фактілері бойынша тиісті мекемелерді хабардар етеді; «Жасыл аймақ» бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады; қаланы көріктендіру жұмыстарын жүзеге асырады; «Жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жүргізеді; абаттандыру-көгалдандыру, санитарлық тазалық жүйелер секторы жүргізетін жұмыстарға қажетті құжаттарды дайындайды, мемлекеттік актілерін жинақтайды, аяқталған, мерзімі келген нысандардың қабылдау құжаттарын әзірлеп, мұрағатқа немесе сенімгерлікке өткізеді;жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен  арыз- шағымдарға, өтініштерге, жергілікті мекемелерден келген хаттарға  мерзімінде жауап береді;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, маркшейдерлік іс, геодезия және картография, технологиялық машиналар мен жабдықтар, астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы, өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау).

"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынандай  құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер және Заңның 27-бабы
8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы  конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі. 

Құжаттарды қабылдау «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір көшесі, №28 үй, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 5-93-16, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kz жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген personal_turkestan@ontustik.gov.kz электрондық почта мекен жайына электронды түрде не 
"Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап
үш жұмыс күні ішінде Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір көшесі, №28 үй, Түркістан
қаласы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

     

 

                                                                                     Түркістан қаласы әкімінің аппаратына

 

 

Өтініш

      Мені _________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

      Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

      транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________________________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Мекен жайы: __________________________________________________________________

      Байланыс телефоны: ____________________________________________________________

      e-maіl: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

 

 "Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/

цветное,
3х4)

 

 

 

 

 

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

_______________________________________
(жекесәйкестендірунөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері /
Дата и место рождения

 



2.

Ұлты (қалауыбойынша) /
Национальность (по желанию)

 



3.

Отбасылықжағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

 



4.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения

 



 

5.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 



6.

Шетелтілдерінбілуі /
Владение иностранными языками

 



7.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 



8.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 



9.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 



10.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ



Күні / Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері /
должность*, место работы, местонахождение организации



қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения







 

 

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



_____________________
Кандидаттыңқолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

     

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
17 сентября 2020