"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-4 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-R-4 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
E-R-4
|
95246 |
128834 |
І. «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір №28, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66,электрондық пошта:personal_turkestan@ontustik.gov.kz)мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері:халықтың барлық жіктері үшін қолжетімдікті қамтамасыз ете отырып, урбанистиканың (абаттандыру) үздік тәжірибесіне сәйкес, оның ішінде көліктік аялдамалары, жаяу жүргіншілер аймақтарын, аула кеңістіктерін, көлік және басқа да қоғамдық аймақтарды абаттандыру бойынша қалалық ортаны жайластырудың бірыңғай стандарттарын іске асырылуына қатысуға;Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы және облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру туралы хабарламаларды қабылдап қарайды;хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтайды;сыртқы (көрнекі) жарнаманың қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, маркшейдерлік іс, геодезия және картография (технологиялық машиналар мен жабдықтар), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызметтер көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау), құқық (құқықтану), техника және технология (ақпараттық жүйелер), лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес мамандықтар.
"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалдық міндеттері:қаланы көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді; көгалдандыру жұмыстарын жүргізу нормалар бұзылу фактілері бойынша тиісті мекемелерді хабардар етеді; «Жасыл аймақ» бағдарламасының орындалуын жүзеге асырады; қаланы көріктендіру жұмыстарын жүргізеді; «Жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жүргізеді; абаттандыру-көгалдандыру, санитарлық тазалық жүйелер секторы жүргізетін жұмыстарға қажетті құжаттарды дайындайды, мемлекеттік актілерін жинақтайды, аяқталған, мерзімі келген нысандардың қабылдау құжаттарын әзірлеп,мұрағатқа немесе сенімгерлікке өткізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Техникалық ғылымдар және технология (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру, стандарттау жəне сертификаттау, маркшейдер ісі, Ауыл шаруашылыққұрылысы, Металлургия өндірісін автоматтандыру), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), лауазымның нақты функционалдық бағытына сәйкес мамандықтар.
"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалдық міндеттері:Қаланың белгіленген тәртіппен бекітілген Бас жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізеді; бекітілген қала құрылысы құжаттарының жүзеге асуы мен орындалуын қадағалайды; сәулет және қала құрылысы қызметінің заңнамалық нормаларының сақталуын бақылайды; әкімшілік бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзгеде қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттілік үшін алып қою жөнінде шешімдер әзірлейді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар жүргізеді; "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізу мен толтыруды қамтамасыз етеді, жауапты болады; жеке тұрғын үй салу үшін берілген жер телімдеріне нысанды жобалау және құрылысын салу үшін жер телімін таңдау және тексеру актісін дайындайды; бекітілген жоба құжаттары негізінде құрылыстың барлық түрі үшін жер учаскелерін бөлу жөнінде ұсынысты қарастыру және келісімді дайындау; қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандардың және елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну; бөлім бас маманының міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын сәулет және қала құрылысы саласы бойынша өзге де бөлім басшысының бұйрықтарымен бекітілген міндеттер мен функциялары кіреді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, маркшейдерлік іс, геодезия және картография, технологиялық машиналар мен жабдықтар), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызметтер көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау).
"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалдық міндеттері: мемлекеттiк органның қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;мемлекеттiк оpганның заңнаманы қолдану практикасын қорытады;сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiреді, заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді (әкімдікке қатысты заңға қайшы шыққан сот актілерін заңға сәйкестендіру бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Сотына дейін шағымдануға жеке жауапты болады); тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiреді;мемлекеттiк органға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады;мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін тұрақты негізде талдайды және талдау нәтижелері бойынша қала әкіміне, аппарат басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жылына екі рет жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-на дейін аумақтық Әділет органдарына жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттарының, және қатысу жобаларының әзірленуіне қатысу, оның ішінде жобаларды оның заңдылығын қарау және мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындайды;қала әкімі аппаратының, қала әкімдігінің дербес бөлім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейды және іске асырады;қала әкімдігінің дербес бөлімдерімен тығыз байланыста болады, қала әкімі аппаратының, қала әкімдігінің қызметінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша заңды кеңес, қорытынды береді;өзіне жүктелген құзіретінің шегінде әзірлеуші қала әкімі аппаратының заң бөлімі болып табылатын қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды;прокуратура органдарының наразылықтары мен ұсыныстарын және басқа да прокурорлық қадағалау актiлерiн қарайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (юриспруденция, халықаралық құқық, кеден ісі, құқық қорғау қызметі).
Функционалдық міндеттері: Түркістан қаласының 2020-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша тиісті тармақтарын орындалуын қамтамасыз етеді; бөлімнің стратегиялық және жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; қаладағы бюджет арқылы жүргізілген құрылыс нысандарының атқарылған жұмыс көлемі туралы №3 үлгісін қабылдайды, мемлекеттік қабылдау актілерін және техникалық түгендеу құжаттарының жұмысын ұйымдастырып, бақылайды; тұрғын үй бағдарламасын іске асыруын қамтамасыз етеді; тұрғын үй құрылыс нысандарының инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымымен қамтамасыз етуін қадағалайды; құрылыс кешендерін дамыту жөніндегі бағдарламаларды енгізуге және оны әзірлеуге мәлімет жинастырады; жаңа құрылыстарды көріктендіру, көгалдандыру, нығайту бағытында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді; құрылыс жүргізіп жатқан мердігерлерге өзіне жүктелген міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін шара көру, сотқа құжаттарды жинақтап, дайындау үшін тиісті жұмыс жүргізеді; бекітілген өндіріс кестесінен және алдын-ала төлем кестесінің нақты орындалуын қамтамасыз ету; Құрылысы аяқталған нысандарды салалық бөлімдерге пайдалануға тапсыруын қамтамасыз етеді; өзіне келіп түскен арыз-шағымдар, хаттар, тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, маркшейдерлік іс, геодезия және картография, технологиялық машиналар мен жабдықтар), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызметтер көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау).
"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынандай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер және Заңның 27-бабы
8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі.
Құжаттарды қабылдау «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір көшесі, №28 үй, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 5-93-16, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kz жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген personal_turkestan@ontustik.gov.kz электрондық почта мекен жайына электронды түрде не
"Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап
үш жұмыс күні ішінде Түркістан қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір көшесі, №28 үй, Түркістан қаласы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
|
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
Мені _________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекен жайы: __________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
|
|
|
|
|
"Б" корпусыныңмемлекеттік |
|
|
Нысан
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________ |
||||
|
_______________________________________ |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туғанкүніжәнежері /
|
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауыбойынша) /
|
|
||
|
3. |
Отбасылықжағдайы, балалардың бар болуы /
|
|
||
|
4. |
Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы /
|
|
||
|
5. |
Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
|
|
||
|
6. |
Шетелтілдерінбілуі /
|
|
||
|
7. |
Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
|
|
||
|
8. |
Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
|
|
||
|
9. |
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /
|
|
||
|
10. |
Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады) /
|
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері / |
||
|
|
қабылданған / |
босатылған / |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады