ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметкерлерінің еңбек өтілін қалай растауға болады? Оны БЖЗҚ-ға хабарласу арқылы жасауға бола ма

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметкерлерінің еңбек өтілін қалай растауға болады? Оны БЖЗҚ-ға хабарласу арқылы жасауға бола ма?

 

2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) еңбекшілердің жұмыс өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитеті және оның аумақтық бөлімшелері-1998 жылға дейін жинаған еңбек өтілін растау бөлігінде;

2) БЖЗҚ-ның аумақтық бөлімшелері-1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жиналған еңбек өтілін растау бөлігінде (міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы ақпараттық жүйенің деректері бойынша).

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) интеграцияланған жүйесін пайдалануға көшкенге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл Өзара іс-қимыл тәртібінің[1] 3-тармағында көзделген нысандармен, сондай-ақ зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттармен алмасу арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылды.

Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жинағанеңбек өтілін растау мақсатында,ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш білдірген тұлға үміт артып отырғанзейнетақығақұқықтың пайда болуы үшін ЕАЭО-ға мүше осы мемлекеттің құзыретті органы ҚР жоғарыда аталған құзыретті органдарына осындай адамдарға қатысты жұмыс өтілі кезеңіне байланысты жұмыс өтілі туралы "Сұраныс" нысанын жіберуі қажет.

 

 

 

 

 

[1]Еуразиялықэкономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 122 шешіміменбекітілгенЕуразиялықэкономикалықодаққамүшемемлекеттердіңеңбекшілерінзейнетақыменқамсыздандырутуралыкелісімніңнормаларынқолданужөніндегіЕуразиялықэкономикалықодаққамүшемемлекеттердіңуәкілеттіоргандары, құзыреттіоргандарыжәнеЕуразиялықэкономикалық комиссия арасындағыөзараіс-қимылтәртібі

 

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметкерлерінің еңбек өтілін қалай растауға болады? Оны БЖЗҚ-ға хабарласу арқылы жасауға бола ма
Дата публикации
22 мая 2024