Түркістан қаласы әкімі аппаратының «Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс

Жарияланған күні: 15.08.2023 ж


Құжаттарды қабылдау күні: 16.08.2023-30.08.2023 ж


Әңгімелесу күні: 01.09.2023 ж

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және экономикалық қызмет түрінде тиісті ұйым бейінінде басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс. "Іскер әкімшілік магистрі" ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болғаны дұрыс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 907 бұйрығымен бекітілген (ҚР Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Нарко-психо диспансерлердің анықтамалары;
Сотталу туралы анықтама.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір-Темір көшесі №28, «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

            Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурс өтетін жерге бару-қайту, тұру және өзге де шығындар) азаматтардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Жарияланған конкурс туралы ақпарат
Дата публикации
15 августа 2023