«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-4 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
мin |
max |
|
|
E-3 |
112712 |
152035 |
|
E-4 |
100696 |
136444 |
І. «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір №28, анықтама үшін телефон/факс: 8-(725-33)-5-93-16, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kz мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: дербес бөлімдердің және жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындаудағы жұмысына күнделікті мониторинг жүргізеді; жетекшілік ететін мекемелердің мерзімді бұза немесе сапасыз орындаған құжаттары бойынша тәртіптік шара көру туралы ұсыныс енгізеді; қаланың бағдарламалық құжаттарының орындалуына бақылау жасайды; Алқа билер тізімдерін әзірлеп, тиісті органдарға есебін береді; қаланың әлеуметтік маңызы бар іс-шараларының және құрылысының (қала нысандарының құрылысы, сәулетті көркі мен адам өміріне қауіпсіздігі, т.б.) талапқа сай өткізілуін, жүргізілуін үйлестіреді; қала әкімінің есептерінің өткізілуін ұйымдастырады; жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы көрсетілуіне бақылау жасайды; жетекшілік ететін салалардың жұмыстарын үйлестіреді; жетекшілік ететін салаларда қала әкімі мен шетелдік делегациялардың кездесулерін тиісті деңгейде өткізілуін қадағалайды; ҚР Президенті, Премьер-Министрі қалаға жасайтын жұмыс іс-сапарларының тиісті құжаттарының (аралау сызбасы, нысандардың төлқұжаттары, анықтамалары, күтіп алушы тұлғалардың тізімдері және т.б.) әзірленуіне ықпал жасайды; қала әкімінің төрағалығымен өтетін мәжілісінде қаралатын мәселелерді дайындайды; қала әкімінің төрағалығымен өтетін мәжілістерін тиісті дәрежеде өтуін қамтамасыз етеді, қажеттілігіне қарай хаттамаларын жүргізеді және мәжіліс қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді; мәжілістердің хаттамаларымен берілген тапсырмаларды орындаушыларға жолдайды, орындалуына бақылау жасайды; қаласы әкімінің нысандарды ашу жұмыстарын дайындайды; жетекшілік ететін салалар бойынша тапсырмалардың, іс-шаралардың орындалуына талдау жасайды; қаланы дамыту мен салудың кешенді жоспарының бекітіліп, орындалуын бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринария, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ауылшаруашылық ғылымдары, өнер.
"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.
Функционалдық міндеттері: Жедел есепке алу, құпия емес хат-хабарлардың өтуі мен мерзімінде қаралуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, түскен құжаттардың сипатын талдайды; Бөлімге түскен хаттардың мерзімінде қаралуын бақылау жасайды, олардың қаралу нәтижесі бойынша апта сайын аппарат басшысының атына мәлімет дайындайды; Бірыңғай электрондық құжат айналым жүйесімен жұмыс жүргізеді, құжаттардың уақытылы орындаушыларға жолдануын қадағалайды (ЕСЭДО); Бөлімнің кіріс-шығыс құжаттарының уақытылы тіркелуіне, орындаушыларға жеткізілуіне және мерзімінде орындалуына бақылау жасайды; Қала әкімі аппаратының кіріс-шығыс құжаттарының жинақтарын қалыптастырады; Облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының және оның орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларын және өзге де тапсырмаларын кестеге енгізіп, орындалуын қадағалайды, бақылаудан алады; Қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларын және өзге де тапсырмаларын кестеге енгізіп, орындалуын қадағалайды, бақылаудан алады; Қала әкімі аппараты басшысының мәжіліс хаттамаларын жүргізеді, хаттамалық тапсырмаларды кестеге енгізеді, орындалуын қадағалайды және бақылаудан алады; Облыстық және қалалық мұрағаттармен жұмысты үйлестіреді, қала әкімі аппаратының сақталуға жататын құжаттарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалыптастырады және тиісті мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етеді; Дербес бөлімдердің облыстық және қалалық мұрағаттармен жұмысты үйлестіруін қадағалайды, заңнамаға сәйкес жұмыс атқаруын бақылайды; Келесі хаттарды мерзімінде тіркеуге алып, кестеге енгізеді, орындалуын қадағалайды және бақылаудан алдыртады, орындаушыларға мерзімдері бойынша ескерту хаттар дайындап, жолдайды:
10.1) Облыс әкімінің тапсырмалары;
10.2) Облыс әкімі аппаратынан түскен барлық қызметтік хаттар, қызметтік жазбалар, ескерту хаттар;
10.3) Облыс әкімінің орынбасарларының қала бойынша орын алған кемшіліктер және оларды жою және шара қолдану туралы хаттары;
10.4) Облыстық басқармалардың түрлі салалардағы қала бойынша кемшіліктер туралы хаттары;
10.5) Облыстық басқармалардың және басқа мемлекеттік органдардың мәліметтер сұрату туралы хаттары;
10.6) Облыс әкімі аппаратының (аппарат басшысының, оның орынбасарларының) жауапты қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолдану, мәліметтерді ұсыну, орын алған кемшіліктерді жою және шаралар қолдану туралы хаттары;
10.7) Облыс және қала прокуратурасының прокурорлық қадағалау актілері және түрлі мәселелер бойынша мәліметтер сұрату туралы хаттары;
10.8) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, ішкі істер органдарының түрлі мәселелер бойынша мәліметтер сұрату хаттары;
10.9) Облыстық және қалалық соттардың қаулылары, жеке ұйғарымдары, шешімдері;
10.10) Облыстық және қалалық соттардың сот процесіне қатысты мәліметтерді ұсыну туралы хаттары;
10.11) Облыстық және қалалық мәслихаттың хаттары.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринария, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ауылшаруашылық ғылымдары, өнер.
"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынандай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер және Заңның 27-бабы
8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі.
Құжаттарды қабылдау «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір көшесі, №28 үй, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 5-93-16, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kz жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген personal_turkestan@ontustik.gov.kz электрондық почта мекен жайына электронды түрде не
"Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап
үш жұмыс күні ішінде Түркістан қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір көшесі, №28 үй, Түркістан қаласы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.