Түркістан қаласы әкімі аппаратының Өтініштердің қаралуын бақылау
бөлімшесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Түркістан қаласы әкімі аппаратының Өтініштердің қаралуын бақылау бөлімшесі (бұдан әрі – Бөлімше) «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлімше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қала әкімінің аппараты туралы ережені, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Түркістан қаласы әкімі бекiтедi.