Түркістан қаласы аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

Түркістан қаласы аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес, «2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдеде № 1338 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 1 шілдедегі 26/41 қаулысына сәйкес Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

 

Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі №5 - ғимарат,   телефоны: 8 (701) 712-60-27.

 

Комиссия төрағасы –Қайрат Маханбетұлы БЕРДИКУЛОВ;

Төрағаның орынбасары –Адилхан Атымтайұлы МАСАБАЕВ;

Хатшысы –Айдос Айсұлтанұлы КЕНШИМБАЕВ;

Комиссия мүшелері: 

  • Уалихан Қамбарұлы БЕСИМБАЕВ;
  • Самат Балтабайұлы ТАНИРБЕРГЕНОВ,
  • Уалихан Абибуллаұлы БАИМБЕТОВ,
  • Ержан Өтегенұлы ТАСЖУРЕКОВ.

 

Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты – 09.00–18.30, түскі үзіліс – 13.00–14.30.

Дата публикации
10 июля 2026