Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 13 қазандағы
№ 2 қаулысы
Түркістан қалалық мәслихаты
депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік
жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысын басшылыққа алып, Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Түркістан қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Түркістан қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
|
Төраға |
|
К.Бердикулов
|
|
Хатшы |
|
А.Кеншимбаев |