Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет

Түрік халықтарының рухани және мәдени астанасы Түркістан бүгінде Түркістан облысының рухани және әкімшілік орталығына айналған. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында 2018 жылдың 19 маусымында ерекше статусқа ие болған шаһар өзінің туристік әлеуетімен де барша әлемге танылған.

Қаланың шығысы Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі.

Туризмнің орталығы саналатын шаһар Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен танымал. Кесенеде қазақ халқының 21 ханы жерленген. Қалада 114 тарихи-мәдени, діни-рухани, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер бар. Түркістан Орталық Азия мен Қазақстанның ең қасиетті орны ретінде құрметтеліп, қастерлеу дәстүріне айналып, түркі әлемнің назарын аударып отырған қала.

Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавгар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.

Бүгінде қала аумағы жасыл желекке айналуда. Жасыл белдеуден жеміс ағаштарын, соның ішінде алма мен алмұрт, өрік пен шие көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын отырғызылатын көшеттер алаңы ауқымданып, көне шаһар жасыл қалаға айналып келеді. Қаланы бау-бақшаға бөлеуге бау баптаған бағбандар атсалысуда.

Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырма берген болатын. Осы орайда 2018 жылдың 29 желтоқсанында аталған кешенді жоспар бекітілген еді. 

Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, Түркістан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалған болатын. Олар: біріншіден, Түркістан - қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан - әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан - Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи - рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт бойынша идеологиялық жұмыстар қолға алынуды.

Бүгінде қалада 170 мыңнан аса халық пен 5 мөлтек аудан бар. Облыс орталығында Қазақстанның барлық өңірлерінен сый ретінде бұрын-соңды болмаған ғимараттар тарту етіліп, пайдалануға берілуде.

Документы
Ереже
18 июня 2026
Түркістан қаласы әкімінің аппараты
Түркістан қаласы әкімдігінің «Адами капиталды дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 35
Ақпарат
18 июня 2026
Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі
Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
Ереже
18 июля 2020
Түркістан қаласы әкімінің аппараты
Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

facebook
instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы