Түркістан қаласында 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Тұрғындарды қажетті жеріне тасымалдайтын мекеме - "Жолаушы" ЖШС. Жалпы саны 270 көлік болса, оның күнделікті 217-сі тасымал жасайды. Ал қалғаны қосалқы тізімде.
Қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 70 тг. Бұл 2020 жылдың басынан белгіленген тариф. Ал бұған дейін қала халқы қажетті жеріне бару үшін 50тг төлейтін. Бензиннің шарықтау бағасынан 70 теңгеге қымбаттауы бірнеше жеңілдіктерді қарастырады. 7-11 жастағы балаларға тегін болса, 11-15 жастағылар үшін 35тг.
Қалада 170 мыңнан астам халықтың 70 мыңы күнделікті қоғамдық көлікті пайдаланады. Алда, автопарктар мен жаңа автобустар санын көбейту жоспарда.