GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
27 августа 2025
В Казахстане собственники подъезда могут провести собрание самостоятельно по вопросам капитального ремонта и замены лифта.

Қазақстанда бір кіреберіс тұрғындары күрделі жөндеу және лифтті ауыстыру мәселелері бойынша

жиналысты өзбетінше өткізе алады.

 

Көп пәтерлі тұрғын үйдің бір кіреберістегі пәтерлермент ұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері, егер бұл

көп пәтерлі тұрғын үйдің басқа кіреберістер меншік иелерінің мүдделеріне әсеретпесе, жылдық шығыстар

сметасында көзделмеген іс-шаралардық аржыландыру үшін мақсатты жарналарды жинау туралы шешім

қабылдауға құқылы.

Кіреберіс күрделі жөндеу немесе лифтіні ауыстыру мәселелері бойынша шешім, осы кіреберістегі пәтерлер

мен тұрғын емес үй-жайлардың жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі болған жағдайда

қабылданды деп есептеледі және тиісті хаттама мен рәсімделуі тиіс.

Хаттама қабылданғаннан кейін меншік иелері үй кеңесімен бірлесіп құжатты орындау үшін жиналыс

бекіткен төрағаға немесе басқару субъектісіне жолдайды.

Төраға немесе басқару субъектісі айсайынғы және жылдық есептерде кондоминиумнысанын басқару

шығындарына жатпайтын қосымша шығыстарды және мақсатты қаражаттың түсуін көрсетуге міндетті.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдау құқығын үй кеңесі немесе жиналыс бұл құқықты берген жағдайда кондоминиумнысанын басқару субъектісі жүзеге асыра алады.

Барлық шешімдер хаттама мен расталуы қажет.

 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
27 августа 2025
Қазақстанда ПИК пен МИБ-тің ай сайынғыесептіұсынумерзімдеріөзгертілді.

Қазақстанда ПИК пен МИБ-тің ай сайынғыесептіұсынумерзімдеріөзгертілді.

 

 

Барлықнысандар мен басқарусубъектілері ай сайынғыесептімүлікиелерінеұсынуғаміндетті.

Ай сайынғыесептербекітілгенесептілікнысанынасәйкесдайындалып, жалпығақолжетімдіжердеорналастырылуы, сондай-ақақпараттықжүйеарқылыжарияланып, ашықсипаттаболуытиіс.

 

 

 

Есептерүйкеңесіменкелісіліп, бекітілуіжәне МИБ төрағаларынемесебасқарусубъектісіқолқоюы қажет.

 

 

15 қыркүйектенкейін ай сайынғыесептіұсынумерзіміесептікезеңненкейінгіайдың 20-шы күнінедейінгіуақытболыпбелгіленді.

 

Соныменқатар, Заңда кондоминиум нысанынбасқарубойыншажылдықесептіұсынутәртібі де бекітілді. Жылдықесептерүйкеңесіндеқаралып, мүлікиелерініңжалпыжиналысындаталқыланып, есептікезеңненкейінгіжылдың 1 сәуіргедейінқабылдануытиіс.

 

Қосымшаретінде, мүлікиелеріесепкеқоса банк шотындағықаражатқозғалысытуралыүзіндікөшірмелерді, ақауактілерін, монтаждаужәнеорындалғанжұмыстарактілерін, сондай-аққаражаттыңжұмсалуынрастайтынбасқа да құжаттардысұратуғатолыққұқығы бар.

Әрбірпәтердің, тұрғынемесүй-жайдың, автотұрақорныныңнемесеқойманыңменшікиесіағымдағы, жинақтаушы, мақсаттыжарналарды, сондай-ақавтотұрақ пен қоймалардыкүтіп-ұстауғаарналғанағымдағыжарналардытөлейотырып, ағымдағыжәнежинақшоттарыныңжай-күйітуралыақпараталуғақұқылы.

 

Кондоминиум нысанынбасқарубойынша ай сайынғыжәнежылдықесептерде, егер бар болса, кондоминиум нысанынбасқаруғажатпайтынқосымшашығыстаркөрсетілуітиіс, сондай-ақжалпымүліктіжалғаберудентүскенкірістержекежолменкөрсетілуіқажет

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
21 августа 2025
ПИК-тің  ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек?

ПИК-тің  ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек?

 

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты өзгерістер күшіне енеді.

 

Енді барлық басқару субъектілері кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті біржақты тәртіппен көтеруге құқығы жоқ.

 

Заңда кондоминиум объектісін басқару қызметтерінің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін болжамды өзгеріс немесе қызметті тоқтату күніне дейін кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндеті болып енгізілді.

 

Тарифті көтеру туралы хабарлау және бұл мәселені қарау фактісін растайтын құжат меншік иелерінің жиналысының хаттамасы болып табылады. Жиналыс хаттамасында меншік иелерінің тарифті көтеруге келісімі немесе бас тартуы, сондай-ақ басқару субъектісін ауыстыруға ниеті көрсетіледі.

 

 

Сонымен қатар қосымша, басқару субъектілері тұрғын үй-инспекцияларын объектідегі қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарлау, объектінің мекенжайын көрсете отырып, кемінде үш күн бұрын хабардар етуге міндетті.

 

Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары келіп түскен барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп отыруы тиіс.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
21 августа 2025
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап ПИК қалай жұмыс істейді: Қазақстандағы пәтер иелері кооперативтеріне арналған жаңа ережелер

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап ПИК қалай жұмыс істейді: Қазақстандағы пәтер иелері кооперативтеріне арналған жаңа ережелер

 

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер күшіне енетін болады. Атап айтқанда, пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметіне арналған 51-6-бап қолданысқа енгізіледі.

 

ПИК қызметі тек Заңмен ғана емес, сондай-ақ уәкілетті органмен бекітілетін ПИК-ның үлгі жарғысы негізінде реттелетін болады. Барлық ПИК бір жыл ішінде міндетті түрде қайта тіркеуден өтуі тиіс, бұл ретте әділет департаменттеріне жарғыны ұсыну талап етілмейді.

 

ПИКбейкоммерциялық ұйым ретінде тіркеледі және сол мәртебеде қызмет атқарады. ПИК құру үшін бастамашы топ кондоминиум объектілерінің меншік иелерінің жиналысында делегатталған өкілдерден құралуы тиіс болады. Егер ПИК құрамына екіден астам көпқабатты үй кіретін болса, әрбір үйден өкіл жиналыс арқылы бөлек бекітілуі және оған меншік иелерінің мүдделерін білдіру құқығы берілуі қажет.

 

 

 

ПИК-ның міндетті функциялары:

1.    Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, қоймалар мен автотұрақ орындарының меншік иелерінің тізімін қалыптастыру;

2.    Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету;

3.    Жалпы жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу;

4.    Коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған шарттарды жасасу;

5.    Жиналыстың және үй кеңесінің шешімдерін орындау;

6.    Жиналысқа келесі құжаттарды дайындау және ұсыну:

ü  Жылдық шығыстар сметасының жобасы;

ü  Ай сайынғы және жылдық

есептер.

7.    Кондоминиум объектісі бойынша ағымдағы және жинақ шоттарын 15 күн ішінде ашу және оны басқару.

8.    Барлық түрдегі жарналардың (оның ішінде қоймалар мен тұрақ орындары үшін) уақтылы төленуін бақылау.

9.    Жазбаша сұрау салу негізінде меншік иелеріне келесі құжаттарды ұсыну:

ü  Шоттар бойынша  көшірмелер;

ü  Қаржылық құжаттама;

ü  Есептер мен жиналыс хаттамалары (қағаз және/немесе электрондық түрде).

10. Коммуналдық қызметтердің сапасын бақылау.

11. Жылыту маусымына дайындық, лифтілер жұмыс жасауы мен қауіпсіздік жүйелерінің (өрт дабылы, түтін шығару және т.б.) жұмысын қамтамасыз ету.

12. ТКШ саласындағы электрондық ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу.

 

 

ПИК-ның барлық кірістері тек жарғылық мақсаттарға бағытталуы тиіс. Пайданы қатысушылар арасында бөлуге жол берілмейді.

 

21 августа 2025
Көппәтерлі тұрғын үйдегі жарналар: Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, автотұрақ орнының немесе қойманың әрбір меншік иесі не білуі тиіс?

Қазақстан Республикасының жаңа «Тұрғын үй
қатынастары туралы» Заңында 34-1-бап
енгізілді, онда тұрғын үйді басқару және
ұстауға арналған жарналарды төлеу тәртібі
нақты айқындалған.
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап
пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың,
автотұрақ орындарының және қоймалардың
барлық меншік иелері ағымдағы, жинақ және
мақсатты жарналарды төлеуге міндетті.
Жарналарды есептеудің негізі — жарналарды
төлеу туралы жалпы жиналыстың хаттамасы
болып табылады. Жалпы жиналыстың
шешімінсіз меншік иелеріне қосымша
жарналарды жүктеуге жол берілмейді.
Міндетті түрде төленуге тиіс жарналар:
Ағымдағы жарналар – тұрғын үйді басқаруға
және ұстауға байланысты ай сайынғы
шығындарды жабуға арналған.
Жинақ жарналары – тұрғын үйді күрделі
жөндеуге арналған жинақ қорын
қалыптастыру үшін.
Әрбір көппәтерлі тұрғын үй бойынша аталған
екі міндетті жарнаға бөлек шоттар ашылуы
тиіс: ағымдағы және жинақ (жинақтаушы)
шоттар.
Сонымен қатар, меншік иелері жалпы
жиналыс шешімімен мақсатты жарналарды
бекітуге құқылы. Мақсатты жарналар төлем
шоты арқылы төленеді.
Автотұрақ орындары мен қоймалардың иелері
де өздерінің ауданына пропорционалды түрде
ағымдағы, жинақ және мақсатты жарналарды
төлеуге міндетті.
Жарналардың мөлшері мәслихаттармен
бекітілген ең төменгі тарифтен төмен болмауы
тиіс.
Жалпы жиналыста пәтерлерге, тұрғын емес

үй-жайларға, қоймалар мен автотұрақ
орындарына арналған мүліктің мақсатына
сәйкес әр меншік иесі үшін жарна мөлшері
бекітілуі тиіс.
Сонымен қатар, меншік иелері кондоминиум
нысанын басқаруға және оның ортақ мүлкін
ұстауға арналған жылдық шығыстардың
сметасын бекітуі қажет.

Төлем мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың
25-іне дейін.
Уақтылы төленбеген жағдайда – өсімпұл
есептеледі. Қарызды нотариус немесе сот
арқылы өндіріп алуға болады, бұл ретте талап
қою мерзімі қолданылмайды.
Маңызды: Жинақ жарналарының қаражатын
тек күрделі жөндеуге және тек жинақ шотынан
қаражат алу және алу сомасын бекіту туралы
жалпы жиналыс шешімі негізінде ғана
жұмсауға болады.
Сондай-ақ, ағымдағы шоттан төленетін
қаражат есебінен меншік иелері бірлестігінің
төрағасы немесе кондоминиум нысанын
басқару субъектісі ортақ мүлікті ұстауға
тұтынылған коммуналдық қызметтер үшін
төлем жүргізуге міндетті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
15 августа 2024
«Ашық есік күні» акциясы

Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 19.08.2024 жылы сағат 15-00 «Ашық есік күні» акциясын өткізу жоспарлауда.

Осыған орай, Басқарманың қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, 19.08.2024 жылы сағат 13-00 ге дейін 8(701)842-91-21 телефонына хабарласып, жазылсаңыз болады. 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайласжемқорлыққа қарсы комплаенс
15 мая 2024
Басқарманың 2024 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша талдамалық анықтама жобасын талқылау

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымдық мәжілісінің

хаттамасы

 

Түркістан қаласы                                                            14.05.2024 ж.

 

Мәжіліс төрағасы: Басқарма басшысы – Р.Мұздыбеков

Қатысқандар: Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымы (қосымшаға сәйкес).

 

Күн тәртібінде:

 

  1. Басқарманың 2024 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша талдамалық анықтама жобасын талқылау бойынша.

Баяндамашы: Басқарманың бөлім басшысы А.Сарманов.

 

Мәжіліс барысында:

 

Мәжілісті басқарма басшысы Р.Муздыбеков ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарын көрсетті. Осы жұмыс жоспарына сәйкес талдамалық анықтаманың жобасы жасалғанын айта кетті.

Сонымен қоса, аталған жиналысқа сырттан өкілдердің келмегені (басқармаға қатысы жоқ тұлғалар) және ұсыныстар берілмегені аталып өтті.

Р.Муздыбеков сөз кезегін күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамашы А.Сармановқа берді. Баяндамашы күн тәртібіндегі мәселе бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау анықтамасымен таныстырды. Анықтамаға сәйкес, басқарманың барлық бөлімдері талдаумен қамтылып, жалпы ақпарат берілді.

Оның ішінде, ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру бөлімінің қызметінде атап айтқанда, ауыз су құнын субсидиялау бөлігінде «тікелей байланыс тәуекелі» анықталды. Ол бойынша, ҚР ИИДМ 2021 жылғы 27 шілдедегі №394 бұйрығымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс хат жолдау ұсынылды.

Аталаған мәселе бойынша ұсыныс 2022 жылы жолданған. Қайта тағы ұсыныс беру керектігі айтылды. Қажет болған жағдайда, ішкі регламентті бекіту ұсынылды.   

Сонымен қоса, газбен қамтамасыз ету бөлімінің қызметіне қатысты сұйытылған мұнай газ өнімдерін бөлу барысында Қазақстан Республикасының талаптарын қатаң сақтау ескертілді.

Түсіндірме барысында, тұжырымдама және заңдағы басқа да баптар бойынша қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толық түсіндірме жауаптар берілді.

Сондай ақ, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңына енгізілген жаңа талаптарға және оларды сақтамаған жағдайдағы жауапкершіліктерге тоқталып, Басқарманың қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс істеуді айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген жағдайда кінәлі тұлғаның   тәртіптік жауапкершілігі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде қарастырылған әкімшілік жауапкершілігі сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде айқындалған қылмыстық жауапкершілігі қаралуы мүмкін екендігін ескертіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуді нақтылап өтті.             

                   

 

Төраға:                                           Р.Муздыбеков

                    

Хатшы:                                          А.Сарманов      

Ауыз су және су бұру
20 марта 2024
Хабардар ету және жария талқылау

Хабардар ету және жария талқылау

«Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/129-VIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы ауыз суды үнемдеу және халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

 

Жоба:

Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/129-VIІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25922 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:

1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін - 70 теңге;

2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтыншулар үшін - 80 теңге.».

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайласжемқорлыққа қарсы комплаенс
15 марта 2024
Басқарманың 2024 жылғы ішкі талдауы бойынша

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында ағымдағы жылдың              5 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!

Ішкі талдау жұмыстары 5 сәуірі – 21 мамыр аралығында жүргізіледі.

Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Байланыс: +7(701) 842 91 21

+7 (72533) 5 95 76

email: energetika_turkestan@mail.com

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
14 августа 2023
Хабарландыру

   Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын                                                      үй-коммуналдық шаруашылық істері комитет жанындағы телефон байланысы арқылы халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефондары –8(7172)57-65-52, тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша – 8 (7172) 57-65-53, кондоминиум объектісінбасқарудыңжаңанысандарына (мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша – 8 (7172) 57-65-51 (Астана қаласын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоңырау шалу ақылы) жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) консультациялық қызметтер көрсетеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы