ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді және қауіпсіз болып саналады.

1.Қысқы жылыту кезеңінде 1 жеке тұрғын үй шамамен 700 м3 газ тұтынады (үйдің шаршы алаңына байланысты). 1 м3 табиғи газдың бағасы 32,4 теңге немесе 1 айға 22 680 теңге. Көмірдің шығыны 1 айда 36 000 теңгеге жуық. Бұл қысқы кезеңде (күл шығару және т. б.) қаражатты үнемдеуге және қызмет көрсетуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.)

Қазандықтарды орнату халыққа өз тұрғын үйінің ішіндегі температуралық режимді реттеуге мүмкіндік береді (температураны біркелкі ұстап, ыстық суға ие болады).

Үй ішіндегі және сыртқы ауаның экологиялық жағдайы жақсарады.

Түркістан қаласын қарқынды газдандыру жүріп жатыр, осы жылы аяқталады.

Тұрғындардан көмір отынынан табиғи газға көшуге белсенді қатысуларыңызды сұраймыз, өйткені бұл жұмыстар экологиялық жағдайды жақсартуға және адамдардың денсаулығына оң әсер етуге мүмкіндік береді.

2.Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігі әлеуметтік және кәсіпкерлік қызмет нысандарын қатты отыннан табиғи газға көшіру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Нәтижесінде бір монша мен сегіз әлеуметтік нысан табиғи газға қосылған.

Жеке кәсіпкерлерді көмір қазандықтарын табиғи газға көшіруді жеделдетуді сұраймыз.