Ауыз су және су бұрумен қамтамасыз ету саласы
Түркістан облысында 843 елді мекен (2 018 100 халық) бар. Оның ішінде, 7 қала (405 536 халық) және 836 ауылдық елді мекен (1 612 564 халық) бар. 01.09.2020 ж. жағдай бойынша облыстың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы:
- Қалаларда – 97,9 % (396,9 мың адам),
- Ауылдық елді мекендер – 91 % (1 467,1 мың адам н/е 671 е.м. 80,3% ).
01.09.2020 ж. жағдай бойынша облыстың орталықтандырылған су бұрумен қамтылуы:
- Қалаларда – 30,7 % (124,5 мың адам),
- Ауылдық елді мекендер - 9,2 % (148,5 мың адам н/е 13 е.м. 1,6%).
2020 жылы ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау саласы бойынша 61 нысанның (ауыз су-51, су бұру-10) құрылысына бюджеттен 22,6 млрд. теңге (РБ-5,5 млрд.тг., ОБ-4,5 млрд.тг, ДКЗ-12,6 млрд.тг) бөлінді. Соның ішінде, 38 нысан (ауыз су-35, су бұру-3) ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 23 нысанның (ауыз су-16, су бұру-7) құрылысы 2021 жылға өтпелі.Жыл қорытындысымен, 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылса, 6 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. 2020 жылдың қорытындысымен облыстың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы жоспары:
- Қалаларда – 98,9 % (401,2 мың адам),
- Ауылдық елді мекендер – 92,1 % (1 484,9 мың адамн/е 690 е.м. 82,5 %).
Су бұру жүйелерімен қамтылуы:
- Қалаларда – 30,7 % (124,5 мың адам),
- Ауылдық елді мекендер - 9,2 % (148,5 мың адам н/е 13 е.м. 1,6%).
«Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің іс-шара жоспарына» сәйкес, ауыз су саласы бойынша 348 нысанның құрылысын іске асыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының болжамды құны – 95 млрд.тг (РБ-68 млрд. тг, ОБ-27 млрд. тг). Жоспарға сәйкес, елді мекендердің жер асты су қорын бекітуге – 4,2 млрд. тг, ЖСҚ әзірлеуге – 1,4 млрд.тг, ҚМЖ жүргізуге –89,2 млрд. тг және кешенді блок модуль (КБМ) орнатуға – 0,5 млрд. теңге қажет. Нәтижесінде, 155 елді мекен (жалпы құны – 25,8 млрд. тг, 133,1 мың адам) жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылады және 195 елді мекендегі ауыз су жүйелері қайта жаңартылады. 2021 жылы республикалық бюджеттен сумен жабдықтау 40 нысанының құрылысына 8,0 млрд.теңге қолдау тапты. 2021 жылдың қорытындысымен 11 елді мекенді (11 985 адам) сумен қамтамасыз ету жоспарлануда, 6 елді мекенде (22 599 адам) тозғы жеткен сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылады.2021 жылы республикалық бюджеттен 7 су бұру нысанының құрылысына 3,9 млрд.теңге қолдау тапты.2021 жылдың қорытындысымен 23 181 адамды су бұрумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ, Түлкібас ауданы Түлкібас, Бақыбек ауылдарында кәріздік-тазарту имараты салынады және Сайрам ауданы Ақсукент ауылында кәріздік-тазарту имаратына қайта жаңғырту жүргізілетін болады.
Табиғи газбен қамтамасыз ету саласы
01.01.2020 жылы 412 елді мекен 49% немесе 1,1 млн. халық 57% табиғи газбен қамтылды. 2020 жылы бюджеттен 14,2 млрд. теңге қаралып (бюджеттің оңтайландыруына байланысты), 30 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізілуде, бугінгі күнге, республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген 13,3 млрд теңге игерілді. Ағымдағы жылы 20 нысанның (10 ішкі жүйе, 1 АГТС, 2 көше, Түркістан 7) құрылысы аяқталады. Келесі жылға 10 нысан өтпелі. Жыл қорытындысымен, 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. Нәтижесінде облыс бойынша жалпы 423 елді мекен 50%, немесе 1,2 млн халық 64 % табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
|
Анықтама: Нәтижесінде, 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының аудандардағы 802 елді мекенді 95% немесе 1,9 млн. халық 99,8% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. |
2008-2018 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары аяқталып, 78 елді мекен газға қосылмаған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге 50 елді мекен табиғи газға қосылды. Қалған, 28 елді мекенді аудан, қалалардағы автоматты газ тарату станциясы (АГТС) бекітілген жол картаға сәйкес, жыл соңына дейін көгілдір отынды пайдаланатын болады.Табиғи газға қосылмай жатқан 7 АГТС-тің, біреуі -«№20 «Жаңақоғам» АГТС-і іске қосылып, Сайрам ауданындағы 11 елді мекенді ағымдағы жылы табиғи газға қосу жоспарлануда. Табиғи газға қосылған елді мекендердегі тұрғындарға әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.
Электр қуатымен қамтамасыз ету саласы
2020 жылы электрмен қамтамасыз ету бойынша 45 елді мекенде немесе 26 нысанның құрылысына 4,1 млрд. теңге (соның ішінде: РБ - 3,1 млрд. тг., ОБ - 1,0 млрд. тг.) бөлінген. Жыл қорытындысымен, 25 елді мекенде (23,5 мың тұрғын) немесе 16 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, қалған 10 нысанның құрылысы 2021 жылға өтпелі.Қазіргі уақытта, 5 нысанның (3 елді мекен, 2 мөлтек аудан) құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Соның ішінде, Түркістан қаласы бойынша 2 нысанның құрылысы (Шипасу, Шавгар м.а.) аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Нәтижесінде, 2 471 тұрғын үй сапалы электр энергиямен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы есебінен 110/10-10 кВ «Яссы» қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.Сонымен қатар, облыстағы ең маңызды құрылыс нысаны болып табылатын Келес ауданындағы 220/110/10 кВ-тық «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы 2021 жылы аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.