Табиғи газбен қамтамасыз ету саласы
01.01.2020 жылы 412 елді мекен 49% немесе 1,1 млн. халық 57% табиғи газбен қамтылды.2020 жылы бюджеттен 14,2 млрд. теңге қаралып (бюджеттің оңтайландыруына байланысты), 30 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізілуде, бугінгі күнге, республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген 6,8 млрд теңге игерілді. Ағымдағы жылы 20 нысанның (10 ішкі жүйе,1 АГТС, 2 көше, Түркістан 7) құрылысы аяқталады. Келесі жылға 10 нысан өтпелі.
Жыл қорытындысымен, 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. Нәтижесінде облыс бойынша жалпы 423 елді мекен 50%, немесе 1,2 млн халық 64 % табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
2008-2018 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары аяқталып, 78 елді мекен газға қосылмаған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге 50 елді мекен табиғи газға қосылды. Қалған, 28 елді мекенді аудан, қалалардағы автоматты газ тарату станциясы (АГТС) бекітілген жол картаға сәйкес, жыл соңына дейін көгілдір отынды пайдаланатын болады.
Табиғи газға қосылған елді мекендердегі халықтарға әкімдік тарапынан түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.
Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы құрылысы аяқталған нысандар мен мөлтек аудандардағы тұрғындарды толығымен табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Ауыз су және су бұрумен қамтамасыз ету саласы
Түркістан облысында 843 елді мекен (2 018 100 халық) бар. Оның ішінде, 7 қала (405 536 халық) және 836 ауылдық елді мекен (1 612 564 халық) бар.
01.06.2020 ж. жағдай бойынша облыстың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы:
- Қалаларда – 97,9 % (396,9 мың адам),
- Ауылдық елді мекендер – 91 % (1 467,1 мың адам н/е 671 е.м. 80,3% ).
01.06.2020 ж. жағдай бойынша облыстың орталықтандырылған су бұрумен қамтылуы:
- Қалаларда – 30,7 % (124,5 мың адам),
- Ауылдық елді мекендер - 9,2 % (148,5 мың адам н/е 13 е.м. 1,6%).
2020 жылы ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау саласы бойынша 60 нысанның (ауыз су-49, су бұру-11) құрылысына бюджеттен 23,8 млрд. теңге (РБ-18,9 млрд.тг., ОБ-4,9 млрд.тг) бөлінді. Соның ішінде, 34 нысан (ауыз су-30, су бұру-4) ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 26 нысанның құрылысы 2021 жылға өтпелі.Жыл қорытындысымен, 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылса, 5 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады.Сонымен қатар, Бәйдібек ауданы Шаян е.м. мен Түлкібас ауданы Састөбе е.м. кәріз-тазалау имаратының (КТИ) құрылысы салынатын болады.
2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы жоспары:
- Қалаларда – 98,9 % (401,2 мың адам),
- Ауылдық елді мекендер – 92,1 % (1 484,9 мың адамн/е 690 е.м. 82,5 %).
Су бұру жүйелерімен қамтылуы:
- Қалаларда – 30,7 % (124,5 мың адам),
- Ауылдық елді мекендер - 9,2 % (148,5 мың адам н/е 13 е.м. 1,6%).
«Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің іс-шара жоспарына» сәйкес, ауыз су саласы бойынша 348 нысанның құрылысын іске асыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының болжамды құны – 95 млрд.тг (РБ-68 млрд. тг, ОБ-27 млрд. тг).
Жоспарға сәйкес, елді мекендердің жер асты су қорын бекітуге – 4,2 млрд. тг, ЖСҚ әзірлеуге – 1,4 млрд.тг, ҚМЖ жүргізуге – 89,2 млрд. тг және кешенді блок модуль (КБМ) орнатуға – 0,5 млрд. теңге қажет.
Нәтижесінде, 155 елді мекен (жалпы құны – 25,8 млрд. тг, 133,1 мың адам) жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылады және 195 елді мекендегі ауыз су жүйелері қайта жаңартылады.
Электр қуатымен қамтамасыз ету саласы
2020 жылы электрмен қамтамасыз ету бойынша 46 елді мекенде немесе 27 нысанның құрылысына 4,3 млрд. теңге (соның ішінде: РБ - 3,3 млрд. тг., ОБ - 1,0 млрд. тг.) бөлінген. Жыл қорытындысымен, 30 елді мекенде (26,3 мың тұрғын) немесе 19 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, қалған 8 нысанның құрылысы 2021 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, облыстағы ең маңызды құрылыс нысаны болып табылатын Келес ауданындағы «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы 2020 жылы аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Жылумен қамтамасыз ету саласы
2020 жылдың 11 мамыр күні облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде «Облыстың 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы» қаралып, №115 қаулы қабылданды. Осы қаулы негізінде «Облыстық штаб құрамы» және «2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы іс-шара жоспары» бекітілді.
Түркістан облысының 2019-2020 жылдардағы өткен күзгі-қысқы маусымға бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 181,8 мың тонна, толық тасымалданды.
Оның ішінде: Бюджеттік мекемелердің (білім саласында-1280, денсаулық саласында-755, әлеуметтік салаларда-713) қажеттілігі 171,1 мың тонна көмір және 5 143,7 мың литр сұйық отынмен толық қамтамасыз етілді.