Жекешелік әріптесті анықтау мақсатында конкурс өткізу бойынша хабарлама!!!
Түркістан облысының әкімдігі атынан ҚазақстанРеспубликасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, 32 көшесі, 18 ғимаратта орналасқан «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ төмендегі жоба бойынша конкурс тәсілдерін пайдалана отырып, төмендегі жобалар бойынша конкурстық рәсімдерді пайдаланып,жекеше әріптесті анықтау туралыхабарлайды:
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Конкурсқа қатысуға және конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін 9.00-ден 13.00 дейін және 15.00-ден 18.00 дейін 2022 жыл 21сәуірмен 2022 жылдың 17мамыр аралығында«Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-не келіп алуға болады. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық құжаттаманың көшермесін алу уақытында журналға тіркелуі тиіс. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, 32 көшесі, 18ғимарат, «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-сі.
Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 11мамыр2022 жылдан – 17мамыр2022 жыл аралығында сағат 18:00-ге дейін «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-інде қабылданады.
Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдері 2022 жыл 23мамыр13:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтекауданы, 32 көшесі, 18ғимараттақабылданады.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2022 жылғы 23мамыркүні 16:00-де «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-інде ашылады.
Анықтамалық ақпаратты «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ мына телефон арқылы алуға болады: 87002059578.