Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Оңтүстік Энергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы лауазымына конкурс жариялайды
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Оңтүстік Энергосервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады (Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ш/а., 32 көш., №18 ғимарат, Түркістан облысы әкімдігінің «Басқармалар үйі»).
Кәсіпорын қызметінің мәні энергиямен жабдықтау саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тарату және тұтынушыға жеткізу болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) электр энергиясын беру және бөлу;
2) қосылуға техникалық шарт беру кезінде құжаттарды дайындау.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ш/а., 32 көш., №18 ғимарат (Түркістан облысы әкімдігінің Басқармалар үйі, 3 қабат, 317 кабинет, тел: 872533 5-95-76).
Конкурсты өткізу күнін (Қағида талаптарына сәйкес) Басқарма осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін белгілейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білімді: техникалық ғылымдар және технологиялар (электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы), сондай-ақ бейін бойынша басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе электр энергетикасы саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық (жалпы және ерекше бөліктері), Еңбек, Экологиялық кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын және осы кәсіпорынның қызмет саласындағы, осы мекеменің қызметіне қатысты қызметтерді реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, басқа да міндетті білімдер, осы лауазымда функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады (қолма-қол немесе пошта арқылы):
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті жоғарыда көрсетілген құжаттар мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ш/а., 32 көш., №18 ғимарат (Түркістан облысы әкімдігінің Басқармалар үйі, 3 қабат, 317 кабинет). Анықтама үшін байланыс телефоны: /872533/ 5-95-76, 87758817709.
Құжаттарды қабылдау Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының интернет-ресурсында (сайтында) хабарландыру жарияланған күннен басталады.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы – хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткен соң.