Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында ағымдағы жылдың 5 сәуір – 21 мамыр аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2024 жылдың 13 мамыр күні cағат 11:00-де басқармалар үйі, 2-қабат, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәжіліс залы өтетін ішкі талдау жұмыстарының қорытындысын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс: +7 708 890 70 72
Эл.почта: msaduakhas@gmail.com
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, облыстық Экономика және бюджеттік жоспралау басқармасында ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 5 сәуір – 21 мамыр аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: +7(708) 890 70 72
+7(72533) 5 96 87
Эл.почта: msaduakhas@gmail.com
Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының ұжымы 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күнімен басқарма ардагерлерін құттықтады.
23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне орай ұйымдастырылған «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті. Өңірлік комиссия тарапынан ең көп ұпай жинап, өзгелерден озық шыққан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының бас маманы Айтуар Ақерке Әсілханқызы республикалық кезеңде облыстың намысын қорғайтын болады. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, ақтық кезеңде сәттілік тілеп, осынау бәйгеде үздіктердің үздігі атанатынына сеніміміз мол!