Меню

Страницы

Статья

Бюджет

Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет деңгейлері:

1) республикалық бюджет;

2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері;

3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері.

Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімі;

2) шығындар;

3) таза бюджеттік кредиттеу:

бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

5) бюджет тапшылығы (профициті);

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.

Бюджет кірістерінің болжамы Салық кодексі мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде есептеледі.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттары ескеріле отырып, бюджет шығындарының негізгі басымдықтары:

  1. Мемлекеттiк әлеуметтiк мiндеттемелердi толық көлемде орындау;
  2. Халыққа бюджеттік қызметтердің толық көлемде ұсынылуын қамтамасыз ету;
  3. Халықты жұмыспен қамту;
  4. Көлiк - логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
  5. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
  6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және сумен, жылумен қамту желілерін жаңғырту;
  7. Тұрғын-үй инфрақұрылымын күшейту;
  8. Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
  9. Кәсiпкерлiк пен iскерлiк белсендiлiкті қолдау.
Дата публикации
12 мая 2020
Дата обновления
12 мая 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
14 марта 2023
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Бағыттар
12 мая 2020
Облыстың даму бағдарламасын әзірлеу және келісу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы