Меню

Страницы

Статья

Облыстың даму бағдарламасын әзірлеу және келісу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №790 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» №64 бұйрығына сәйкес, облыстың аумақты дамыту бағдарламасы 5 жылға әзірленеді.

Аумақты дамыту бағдарламасы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру мақсатында әзірленеді.

Облыстың аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу облыстың жергілікті атқарушы органы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, облыстың мәслихатына енгізіледі.

Аумақтарды дамыту бағдарламасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды: паспорт (негізгі сипаттамасы); ағымдағы ахуалды талдау; негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар мен оларға қол жеткізу жолдары және қажетті ресурстар.

Аумақтарды дамыту бағдарламасын мониторингілеу жыл қорытындысы бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.

Облыстық стратегия және экономикалық жоспарлау басқармасы орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде облыстың дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және бірінші басшының қолы қойылған есепті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей веб-порталда орналастырады.

Дата публикации
12 мая 2020
Дата обновления
12 мая 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
14 марта 2023
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Бағыттар
12 мая 2020
Облыстың даму бағдарламасын әзірлеу және келісу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы