
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы (I кезең) әзірленіп, облыстық бюджет комиссиясының қарауына енгізіліп, 2019 жылдың 25 сәуіріндегі №6 хаттамасымен мақұлданды.
Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2024 жылдарға арналған болжамына (2 кезең) өзгерістер енгізіп, облыстық бюджет комиссиясының қарауына енгізіліп, 2019 жылдың 27 қыркүйектегі №21 хаттамасымен мақұлданды. 2019 жылғы 9 қазандағы «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2024 жылдарға арналған болжамы (2 кезең)» облыс әкімдігінің №226 қаулысымен бекітілді. 2019 жлдың №152-153 тиражымен «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жарияланды.