
Тапиев Нұрмахан Әліпұлы 1983 жылғы 9 желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласында дүниеге келді.
2005 жыл - М.Әуезов атындағы ОҚМУ мамандығы бухгалтерлік есеп және аудит, академиялық дәрежесі бухгалтерлік есеп және аудит бакалавры
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласының қаржы бөлімінің мониторинг, сараптау және бюджеттік кірістерді қалыптастыру бөлімінің жетекші маман болып бастады.
12.04 - 01.08.2007 жж. Шымкент қаласы қаржы бөлімінің кірістердің орындалуын талдау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
01.08 - 30.10.2007 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2007 - 2008 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2008 - 2010 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, халықты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
25.02 – 22.12.2010 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, халықты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2010 – 2013 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, сауда-саттықты дамыту және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын бағалау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2013 – 2016 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, халықты әлеуметтік қорғау және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
26.02 – 08.12.2016 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, әлеуметтік және ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2016 – 2017 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, әлеуметтік және ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2017 – 2018 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, спорт, мәдениет, дін және ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
23.07 – 28.10.2018 жж. Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, спорт, мәдениет, дін және ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2018 – 2019 жж. Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2019 – 2020 жж. Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2020 – 2021 жж. Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасы басшының орынбасары қызметін атқарды.
2021 – 2024 жж. Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшының орынбасары қызметін атқарды
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, нақты сектор және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.