
Бүгін сағат 11:00-де Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау, жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Дөңгелек үстелде Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы төрағалық етті. Іс-шарада «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағанбетқызы, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша наиб имамы Серкебай Таңат Болатұлы, облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы Әмзеев Нұрлыхан баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері қатысып отырды. ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері тұрақты түрде уағыз насихаттарында пара беру де, пара алу да, ортада дәнекер болуда шариғатымызда үлкен күнә екеніндігін халқымызға ескерту жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты.
Баяндамалар оқылып болған соң, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, облыстық дін істері басқармасының басшысы қорытындылады.