
ҚР Терроризмге қарсы орталығының және облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Сайрам аудандық «Қ.Жандарбеков» атындағы мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерлері мен сала мамандарына «Деструктивті діни ағым жақтаушыларын оңалту жұмыстары бойынша семинар-тренинг» болып өтті.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төраға орынбасары, наиб мүфти Шоқанов Сансызбай қажы Құрбанұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Аманқұлов Хасан Ташайұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы, қала, аудан бас имамдары мен діни оңалтуға жауапты мамандар және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты деструктивті діни ағым жақтастарымен оңалту жұмыстарын жүзеге асыратын имамдардың біліктілігін арттыру. Сондай-ақ білім алудың және оны өзгелермен бөлісудің маңызы, жат діни ағымдардың алдын алуда Ақиданың (Сенім) маңызы мен жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру және ғаламтор беттеріндегі түрлі деструктивті сипаттағы кереғар діни ағымдар мен олардың радикалды бағыттағы уағызшыларына, әдебиеттеріне қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру.