Апта бойы Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері: Бахай қауымдастығы, Қазақстандағы Евангел Сеніміндегі Христиандар одағы, Рим-Католиктік Шіркеуімен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында тараптар діни бірлестіктердің мемлекеттік органдармен, оның ішінде діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Комитет төрағасы Е. Нүкежанов Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілету жөніндегі бастамаларын және конфессиаралық келісімді қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде діни бірлестіктердің өкілдері өз қауымдастықтарында өткізілген әлеуметтік жұмыстары мен маңызды жаңалықтарымен бөлісті.
Кездесу соңында Төраға Дін істері комитеті, дін саласындағы түрлі өзекті мәселелерді талқылау бойынша діни бірлестіктердің басшыларымен және өкілдерімен кездесуге әрқашан дайын екенін атап өтті.