Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы  талдамалық

АНЫҚТАМА

Түркістан қаласы                                                                                      28.05.2025ж

 

     Кіріспе бөлім:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-Ішкі талдау) жүргізуге негіздеме:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағы;

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының                              2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы                          №21 бұйрығы;

Түркістан облысы әкімі аппараты басшысы  Е.Дауылбаевпен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс қимыл» төртінші базалық бағытының жобаларын орындау шеңберінде Түркістан облысының басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі;

Түркістан облысының дін істері басқарма (бұдан әрі-Басқарма)  басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 14 сәуірдегі №7н/қ бұйрығы.

 

    2.Ішкі талдау объектілері және басшылары:

Басқарманың құрылымдық бөлімдері:

1.Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;

  1. Діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімі;

3.Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.

  1. Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ.

 

  1. Ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшелері:

Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Жүсіпбек, Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы  Қ.Абуов, бас маман есепші А.Жаймбаева,. Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ғ.Смайыл.

 

  1. Ішкі талдау жүргізу мерзімдері:

2025 жылдың  21 сәуір мен 04 маусым аралығы.

  1. Ішкі талдау қамтыған кезең:

2024-21.04.2025 жылдар аралығы.                 

 

  1. Ішкі талдау жүргізу барысында шектеу немесе кедергі жасау:

Басқарманың және Дін істері мәселелерін зерттеу орталығының (бұдан әрі-Орталық)  қызметкерлері тарапынан ішкі талдау жүргізу кезінде кедергі жасау немесе шектеу болмады.

 

СИПАТТАМА БӨЛІГІ

          І) Басқарманың және Орталық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

      ІІ) Басқарманың және Орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

 

          І. Басқарманың және Орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

1) Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Басқарманың және Орталықтың қолданысындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнде, ережелерінде сыбайлас жемқорлық және құқық  бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешiм кабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

 

ІІ. Басқарманың және Орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

2) Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Басқармада және Орталықта шығарылған бұйрық, хаттама, анықтама, акт, хат рәсімдеулерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулының талаптары сақталған.

Басқарма басшысымен 2024 жылы-123, 2025 жылдың есепті мерзіміне- 39 бұйрық шығарылған.

Орталық директорымен 2024 жылы-577, 2025 жылдың есепті мерзіміне-200 бұйрық шығарылған.

 

3) Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 

Жұмысқа қабылданған, шығарылған, көтермеленген, төмендетілген ауыстырылған қызметкерлер:

Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қазандағы №215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №76 және 29 сәуірдегі «Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы                 27 қазандағы №252 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №79  қаулыларымен Түркістан облысының дін істері басқармасының штаттық саны 12 бірлік болып бекітілген.

2024 жылы Басқармаға конкурс негізінде бос мемлекеттік лауазымға 2 азамат қабылданып, 2 азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен  жұмыстан босатылған. 2025 жылы басқармаға ішкі конкурс негізінде бос мемлекеттік лауазымға 1 азамат қабылданып, 1 азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен  жұмыстан босатылған.Орталыққа  2024 жылы бос лауазымға 9 азамат қабылданып, 6 азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.2025 жылы  бос лауазымға 10 азамат қабылданып, 6 азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.

Түркістан облысы дін істері басқарма басшысының 2022 жылғы                               07 қыркүйектегі «Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен шекті штаттық санын бекіту туралы» №16  бұйрығымен Орталықтың штаттық саны                 43 бірлік болып бекітілген.

Жұмысқа қабылдау сәтінде: Басқармаға және Орталыққа қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес қабылданған.

Қызметкерлерді жұмыстан шығару сәтінде: құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған .

Жұмыс берушінің қызметкерлерге қолдау көрсету шаралары туралы (сыйақы, материалдық көмек т/б):

2024 жылы-басқарма қызметкерлері 2 рет сыйақымен көтермеленген.

1.(2024 жылғы 19 маусымдағы №57 бұйрық, негіздеме 2024 жылғы 18 маусымдағы тіркеу хапттамасы, ұсыныс хат, сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі )

2.(2024 жылғы 20 желтоқсандағы №133 бұйрық, негіздеме 2024 жылғы 20 желтоқсандағы тіркеу хапттамасы, ұсыныс хат, сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі )

             Материалдық көмек-6.

1.(2024 жылғы 02 ақпандағы №9-ж/қ бұйрық, А.Жаймбаеваның өтініші,қайтыс болуы  туралы куәлік.)

2.(2024 жылғы 02 ақпандағыі №10-ж/қ бұйрық, А.Ануарбектің өтініші,қайтыс болуы  туралы куәлік)

3.(2024 жылғы 02 ақпандағы №11-ж/қ бұйрық, Ғ.Байсариевтің өтініші,қайтыс болуы  туралы куәлік)

  1. (2024 жылғы 05 маусымдағы №52-ж/қ бұйрық, Е.Өтегеновтың өтініші, туу туралы куәлік)
  2. (2024 жылғы 01 шілдедегі №60-ж/қ бұйрық, А.Сайлаубаевтың өтініші, туу туралы куәлік)
  3. (2024 жылғы 18 қыркүйектегі №98-ж/қ бұйрық, Б.Қожахановтың өтініші,некеге тұру туралы куәлік) 2025 жылы сыйақы-1. .(2025 жылғы 08 мамырдағы  №38 бұйрық, негіздеме 2025 жылғы 08 мамырдағы тіркеу хапттамасы, ұсыныс хат, сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі )

2024 жылы-орталық қызметкерлері 5 рет сыйақымен көтермеленген,

1.(2024 жылғы 26 наурыздағы №4-Ө бұйрық, 2024 жылғы 11 наурыздағы тіркеу №724 сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі , 11.03.2024 жылғы №724 қызметтік хат.)

  1. (2024 жылғы 20 мамырдағы №9-Ө бұйрық, 2024 жылғы 4 наурыздағы тіркеу №1912 сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі , : 04.05.2024 жылғы №1913 қызметтік хат.
  2. (2024 жылғы 22 тамыздағы №13-Ө бұйрық, 2024 жылғы 8 тамыздағы тіркеу №3290 сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі , 08.08.2024 жылғы №3291 қызметтік хат.)
  3. (2024 жылғы 23 қыркүйектегі №15-Ө бұйрық, 2024 жылғы 23 қыркүйектегі тіркеу №3880 сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі , 09.09.2024 жылғы №3669 қызметтік хат.
  4. (2024 жылғы 22 қазандағы №17-Ө бұйрық, 2024 жылғы 11 қазандағы тіркеу №4129 сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі
  5. (2024 жылғы 13 желтоқсандағы №22-Ө бұйрық, 2024 жылғы 6 желтоқсандағы тіркеу №5064 сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі, 06.12.2024 жылғы №5064 қызметтік хат Материалдық көмек-8
  6. (2024 жылғы 22 сәуірдегі №159-ж/қ бұйрық, І.Нағызханның 22.04.2024 жылғы өтініші, туу туралы куәлік.)
  7. (2024 жылғы 11 маусымдағы №245-ж/қ бұйрық Қ.Қосмахановтың 11.06.2024 жылғы өтініші, қайтыс болу туралы куәлік,)
  8. (2024 жылғы 31 мамырдағы №13-ж/қ бұйрық, М.Халықовтың өтініші, туу туралы куәлік.4. (2024 жылғы 14 қазандағы №434-ж/қ бұйрық, Қ.Қосмахановтың 14.10.2024 жылғы өтініші, неке қию туралы куәлігі.
  9. (2024 жылғы 14 қазандағы №433-ж/қ бұйрық, С.Маханбетовтың 14.10.2024 жылғы өтініші, қайтыс болу туралы.
  10. (2024 жылғы 14 қазандағы №432-ж/қ бұйрық, Н.Турганбаевтың 14.10.2024 жылғы өтініші, туу туралы куәлік.
  11. (2024 жылғы 13 желтоқсандағы №538-ж/қ бұйрық, А.Тағайдың 13.12.2024 жылғы өтініші, туу туралы куәлік.)

2025 жылы- орталық қызметкерлері 1 рет сыйақымен көтермеленген,

  1. 2025 жылғы 3 наурыздағы №5-Ө бұйрық, 2025 жылғы 19 наурыздағы тіркеу № сыйақы берілетін қызметкерлер тізімі ,03.2025 жылғы №746 қызметтік хат )

Материалдық көмек-1.1. (2025 жылғы 27 мамырдағы №12-ж/қ бұйрық, М.Халықовтың өтініші, туу туралы куәлік.

Жұмыстан жұмыс берушінің бастамасымен шығарылған қызметкерлер туралы:

Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу жағдайлары орын алмаған.

 

Тәртіптік жаза алған қызметкерлер:

Басқармада 2024 жылы-3, 2025 жылы-0 , Орталық қызметкерлері 2024 жылы -6, 2025 жылы- 1  тәртіптік жазалар қолданылған.

 

Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығының негізінде жүзеге асады.

Ішкі талдау жүргізу барысында біліктілігіне сәйкес келмейтін қызметкерлер анықталмады.

 

Негізсіз үстеме жұмысқа тарту, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылған қызметкерлер туралы:

2024 жылы басқарма қызметкерлері үстеме жұмысқа тартылмаған.

2025 жылы 07.03.2025 №15 ж/қ бұйрығымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні және 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекелеріне орай 7 қызметкер жұмысқа тартылған.

 

 Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жасалатын рәсімдер: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығының негізінде жүзеге асады.

 

Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік шаралардың саны, негіздемесі, неше уақытта алынғаны туралы:

2024 жылы- басқарманың бас маман-есепшісі Жаймбаева Айнур Куралбековнаға 19.01.2024 жылы №4 ж/қ бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған, 28.05.2024 жылы № 49 ж/қ бұйрығымен тәртіптік жазасы өзіне жүктелген міндеттерді үлгілі орындағаны үшін мерзімінен бұрын алынған.

 

4)Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Басқарма және Орталық қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысына байланысты төмендегі мәселелер бойынша заң бұзушылықтар анықталмады:

-Басқармада және Орталықта ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары;

-қызметкерлердің материалдық мүддесін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшінші тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты;

-Басқармада және Орталықта шешім қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

-егер ҚР-ның заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша,

қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау бойынша;

-Басқармадағы және Орталықтағы мүліктерді пайдалана отырып заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру.

 

 

5) Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 

  «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту» туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығымен бекітілген (2022 жылғы 1 желтоқсандағы №530 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидасына сәйкес Басқармамен 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу»

 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру».

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері ( ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (фунционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: қызметті берушінің кеңсесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.

2024 жылы «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» туралы 7 мемлекеттік қызмет 2025 жылы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері: тегін

2024 жылы діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің бас маманы Д.Кожамбеков аталған лауазымға тағайындалғанына бір айдан астам уақыт өтседе Е-Лицензия ақпараттық жүйесіне тіркеліп электронды түрде қызмет көрсетпегендігі анықталды, бұл өз тұрғысында жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметті алушының құқықтарын шектейді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

 

Ұсыныс:

- мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мемлекеттік қызметтерді  алу тәртібін түсіндіру шараларын жүргізу;

- мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар және қызметтер стандарты мен ережелерін қатаң сақтау.

 

6) Рұқсат беру функцияларын іске асыру асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Басқарманың және Орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде рұқсат беру функциялар қарастырылмаған.

 7) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді  іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Басқарманың және Орталықтың  барлық қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағанына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлер анықталмады.

 

8)Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлықтәуекелдерін анықтау:

8.1. 269 001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 191 781,0 мың теңгенің 191 780,5 мың теңгесі игеріліп, жоспар 100%-ға орындалды. Игерілмеген 2,5 мың теңге нақты шығыстардан үнемделген.

 2024 жылы мемлекеттік сатып алу жұмыстарының нәтижесінде үнемделген 40 000,0 мың теңге қаражат жергілікті бюджетке қайтарылды (««2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VІIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы»» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы №13/175-VIІІ  шешімі).

  Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 11 іс-шара өткізілді (жоспар 11 іс-шара), бұл іс-шараларға жалпы 76 818,2,0 мың теңге бөлініп, толығымен жүзеге асырылған.

  Дін істері басқармасы бойынша бекітілген 11 бірлік мемлекеттік қызметкер, 5 бірлік техникалық қызмет көрсету бойынша қызметшілер ұсталған, 2 бірлік бос орын (1 бірлік бас маман, 1 бірлік       жүргізуші)Облыс аумағындағы діни ахуалды сараптау және талдау, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында облыс тұрғындары арасында
6 тақырыптағы сауалнамалар жүргізілді. Әрбір тақырып бойынша 1300 респондент қамтылған.

Облыс аумағындағы діни ахуалды сараптау және талдау, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында облыс тұрғындары арасында
6 тақырыпта сауалнамалар жүргізілді («Жастардың шет елдерде діни білім алуына тұрғындардың көзқарасыын анықтау», «ҚР аумағындағы тыйым салынған діни экстремистік ұйымдарды халықтың білу деңгейін анықтау», «Дін  саласындағы мемлекеттік саясатты халықтың қолдау деңгейін анықтау», «Жастардың діни танымы мен көзқарасына интернеттің, әлеуметтік желілердің әсерін анықтау», «Облыс аумағындағы діни ахуалды бағалау және тұрғындардың дінге қатынасын анықтау», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»). Әрбір тақырып бойынша 1300 респондент қамтылды.

Облыс тұрғындарының теріс діни ағым өкілдерінің іліміне қарсы насихат жұмыстарында иммунитетті нығайту, діни негіздегі теріс бағыттағы үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында 45 тақырыпта бейнероликтер,
шет мемлекетте діни теологиялық оқу орындарында білім алудың қауіптілігі туралы «Тұзақтағы тағдырлар» атты арнайы фильм дайындалып, бейресми аккаунтқа, яғни Youtube бейнепорталдағы «Makhambet film» парақшасына орналастырылды (131 мың қаралым, 1800 лайк, 92 пікір) дайындалып, көрсетілімі ұйымдастырылды.

Ұлттық ұстанымдар мен әдет-ғұрыпқа кері әсер етуші іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында «Мемлекет. Қоғам. Дін» (25 тақырыпта, 30 минуттық), телебағдарлама жергілікті телеарналар арқылы айына 2 (екі) реттен қайталауымен мемлекеттік тілде шығарылды.

Аталған бейнеөнімдердің көрсетілімі жергілікті «Turkistan TV» телеарнасынан ұйымдастырылды.

        2025 жылға «Жергілікті деңгейде дін істері саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» (аппаратты ұстау)  269 001 015 бюджеттік бағдарламасы бойынша – 219 290,0 мың теңге қаржы жоспарланған.

Қаражат басқарманың штаттық саны 12 бірлік болатын мемлекеттік қызметшілерін және саны 6 адам болатын азаматтық қызметкерлерін ұстауға, мекеменің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету шығындары 109 748,0 мың теңге құрайды, сондай-ақ, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шараларға  109 542,0  мың теңгені қаралды.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 12 іс-шара өткізу жоспарланып, есепті жыл ішінде толығымен жүзеге асырылатын болады.

8.2. Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і Бюджеттік бағдарламаның атауы: 269 005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» Бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 2024 есепті жылға жоспарланған 196 502,0 мың теңгенің 196 499,5 мың теңгесі игеріліп, жоспар 100% орындалды. Игерілмеген қаржы 2,5 мың теңге нақты шығындардан үнемделген қаражат.Дін   саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 3 іс-шара өткізілді (жоспар 3 іс-шара), бұл іс-шараларға жалпы 6084, мың теңге бөлініп, толығымен жүзеге асырылды.Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі бойынша бекітілген 43 бірлік қызметкер (11 бос орын) ұсталған.

«Имамдар мен дін қызметкерлерінің дерадикализация бағытында біліктілігін арттыру» үшін әдістемелік құрал 1500 дана таралыммен шығарылды. Семинар, кездесулердің барысында таратылды.

Облыс, қала, аудан тұрғындарының экстремистік идеяларға қарсы тұру иммунитетін қалыптастыруды көздейтін ақпараттық-әдістемелік, сараптамалық бүктемелер жинағы шығарылды. «ҚР ҚК заңнамаларына түсіндірмелер», «Ғибадат үйлеріне қатысты ережелер», «Ұлт үшін туған тұлғалар», «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі», «Мазһабсыздық зардабы» атты бүктемелер дайындалды. Жалпы 4 ақпараттық және танымдық бүктеме 30 000 данамен шығарылды, атқарылған шаралар барысында таратылды.

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің, ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізетін дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеру мақсатында 74 адам қамтылып семинар өткізілді. Аталған семинарға спикер ретінде «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті үниверситетінің аға оқытушысы, Phd докторы Н.Стамбакиев, «Ақниет» ҚҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының теолог маманы Д.Оспанов қатысып, ДДА жақтастарын оңалту шаралары бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Аталған семинарға қала, аудандардың дін саласына жауапты мамандары қатысты.Семинарда АТТ мүшелері жаңа әдістемелік құралдармен қамтылды.

ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізетін оңалту саласының мамандары республиканың танымал теологтары мен оң тәжірибе алмасуға қол жеткізді. Семинар соңында қатысушы мамандарға сертификат табысталды.

2024 жылы жалпы саны 1833 (оның ішінде 214 тұрғындармен, 1028 жастар мен жасөспірімдермен, 358 мекеме қызметкерлерімен, 180 мақсатты топтармен 53 имамдар мен мұғалімдермен) іс-шаралар, дөңгелек столдар, семинарлар мен кездесулер өткізілді, 201941 адам қамтылды.

Орталықтың ресми (centre-tur.kz) сайты мен әлеуметтік желілерінде 711 материал (73 жаңалық, 207 мақала, 331 бейнематериал, 100 инфо-баннер) енгізіліп, жарияланды.

Аталған материалдар 14 205 813 рет қаралып, 209 994 лайк басылып, 7 480 пікір (комментарий) білдіріліп, 92 605  рет бөлісілген.

269 005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» Бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 2025 жылға жоспарланған 199 856,0 мың теңге жоспарланған.

Қаражат мекеменің штаттық саны 43  бірлік қызметкерлерін ұстауға, мекеменің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету шығындары 195 374,0 мың теңге құрайды, сондай-ақ, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шараларға 4 482,0 мың теңге қаралды.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін 3 іс-шара өткізу жоспарланып, есепті жыл ішінде толығымен жүзеге асырылады.

 

9). Жасырын қызметтерді анықтау: талдау барысында жасырын қызмет түрелері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы төмендегіледі ҰСЫНАДЫ:

1.Орталық қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.

  1. Негізсіз үстеме жұмыстарды болдырмау мәселесін қатаң бақылауға алуды (қызметшілерді үстеме жұмысқа тек аса қажеттілік туындаған жағдайларда заңнама талаптарына сай рәсімделген тиісті акт негізінде тартуды);
  2. Басқармада (мемлекеттік қызметшілерге қажеттілік туындаған жағдайда) қашықтықтан және аралас режимді, сондай-ақ жұмыстың икемді кестесін енгізу мәселесін қарастыруды;

4.Әдеп жөнідегі уәкілдің тікелей қатысуымен күнделікті жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуы кезеңдерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда, жауапты қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша тиісті шараларды қабылдауды;

  1. Еңбек заңнамасының талаптарын сақталуын қамтамасыз ету және бұзушылықтарға жол бермеуді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама
Дата публикации
18 июля 2025