Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

Сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау

жүргізу туралы

 

     Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8-бабы 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19  қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс  енгізу туралы» Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмысшы топ құрамы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілсін.
  3. Түркістан облысы дін істері басқармасының 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу іс-шара жоспарына сәйкес, басқарманың жұмысына ішкі талдау жүргізілсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бекітілген үлгілік қағидаға сәйкес қамтылсын.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық
Дата публикации
18 июля 2025