Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық АНЫҚТАМА

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы  талдамалық

АНЫҚТАМА

Түркістан қаласы                                                                                      21.05.2024 ж.

 

     Кіріспе бөлім:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-Ішкі талдау) жүргізуге негіздеме:

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 116-тармағы;

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының                              2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы                          №21 бұйрығы;

Түркістан облысы әкімі аппараты басшысы  Е.А.Әлімқұловтың «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс қимыл» төртінші базалық бағытының жобаларын орындау шеңберінде Түркістан облысының басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі;

Түркістан облысының дін істері басқарма (бұдан әрі-Басқарма)  басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2023 жылғы 14 наурыздағы №7н/қ бұйрығы.

 

    2.Ішкі талдау объектілері және басшылары:

Басқарманың құрылымдық бөлімдері:

1.Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;

  1. Діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімі;

3.Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.

  1. Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ.

 

  1. Ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшелері:

Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Жүсіпбек, Ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы  Г.Байсариев, бас маман есепші А.Жаймбаева. Діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ғ.Смайыл.

 

  1. Ішкі талдау жүргізу мерзімдері:

2024 жылдың  05 сәуірі мен 21 мамыры аралығы.

  1. Ішкі талдау қамтыған кезең:

2023-21.05.2024 жылдар аралығы.                

 

  1. Ішкі талдау жүргізу барысында шектеу немесе кедергі жасау:

Басқарманың және Дін істері мәселелерін зерттеу орталығының (бұдан әрі-Орталық)  қызметкерлері тарапынан ішкі талдау жүргізу кезінде кедергі жасау немесе шектеу болмады.

 

СИПАТТАМА БӨЛІГІ

          І) Басқарманың және Орталық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

      ІІ) Басқарманың және Орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

          І. Басқарманың және Орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

1) Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Басқарманың және Орталықтың қолданысындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнде, ережелерінде сыбайлас жемқорлық және құқық  бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешiм кабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

 

ІІ. Басқарманың және Орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

2) Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Басқармада және Орталықта шығарылған бұйрық, хаттама, анықтама, акт, хат рәсімдеулерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулының талаптары сақталған.

Басқарма басшысымен 2023 жылы-123, 2024 жылдың есепті мерзіміне- 64 бұйрық шығарылған.

Орталық директорымен 2023 жылы-483, 2024 жылдың есепті мерзіміне-230 бұйрық шығарылған.

 

3)Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

 

Жұмысқа қабылданған, шығарылған, көтермеленген, төмендетілген ауыстырылған қызметкерлер:

Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қазандағы №215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №76 және 29 сәуірдегі «Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы                 27 қазандағы №252 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №79  қаулыларымен Түркістан облысының дін істері басқармасының штаттық саны 12 бірлік болып бекітілген.

2023 жылы Басқармаға конкурс негізінде бос мемлекеттік лауазымға 4 азамат қабылданып, 2 азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен  жұмыстан босатылған. 2024 жылы басқармаға конкурс негізінде бос мемлекеттік лауазымға 3 азамат қабылданып, 2 азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен  жұмыстан босатылған.Орталыққа  2023 жылы бос лауазымға 12 азамат қабылданып, 5 азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.2024 жылы  бос лауазымға 4 азамат қабылданып, 1 азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылған.

 

Түркістан облысы дін істері басқарма басшысының 2022 жылғы                               07 қыркүйектегі «Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен шекті штаттық санын бекіту туралы» №16  бұйрығымен Орталықтың штаттық саны                 43 бірлік болып бекітілген.

Жұмысқа қабылдау сәтінде: Басқармаға және Орталыққа қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес қабылданған.

Қызметкерлерді жұмыстан шығару сәтінде: құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған .

Жұмыс берушінің қызметкерлерге қолдау көрсету шаралары туралы (сыйақы, материалдық көмек т/б):

2023 жылы- басқарма   қызметкерлері 5 рет сыйақымен көтермеленген,       2024жылы сыйақы-0, материалдық көмек-0.

2023 жылы-орталық қызметкерлері 5 рет сыйақымен көтермеленген, материалдық көмек-4.

2024 жылы- орталық қызметкерлері 2 рет сыйақымен көтермеленген, материалдық көмек-1.

 

Жұмыстан жұмыс берушінің бастамасымен шығарылған қызметкерлер туралы:

Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу жағдайлары орын алмаған.

 

Тәртіп жаза алған қызметкерлер:

Басқармада 2023 жылы-1, 2024 жылы-1 , Орталық қызметкерлері 2023 жылы -2, 2024 жылы- 2  тәртіптік жазалар қолданылған.

 

Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығының негізінде жүзеге асады.

Ішкі талдау жүргізу барысында біліктілігіне сәйкес келмейтін қызметкерлер анықталмады.

 

Негізсіз үстеме жұмысқа тарту, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылған қызметкерлер туралы:

2023-2024 жылы басқарма қызметкерлері үстеме жұмысқа тартылмаған.

 

 Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жасалатын рәсімдер: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығының негізінде жүзеге асады.

 

Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік шаралардың саны, негіздемесі, неше уақытта алынғаны туралы:

2023 жылы- 26.04.2023жылы басқарманың бас маманы Әшірбеков Әлихан Бақытжанұлына  №25ж/қ бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза көрілген және есепті мерзімінде тәртіптік шара мерзімінен бұрын алынбаған.

2024 жылы- басқарманың бас маман-есепшісі Жаймбаева Айнур Куралбековнаға 19.01.2024 жылы №4 ж/қ бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған, 28.05.2024 жылы № 49 ж/қ бұйрығымен тәртіптік жазасы өзіне жүктелген міндеттерді үлгілі орындағаны үшін мерзімінен бұрын алынған.

 

4)Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Басқарма және Орталық қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысына байланысты төмендегі мәселелер бойынша заң бұзушылықтар анықталмады:

-Басқармада және Орталықта ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары;

-қызметкерлердің материалдық мүддесін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшінші тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты;

-Басқармада және Орталықта шешім қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

-егер ҚР-ның заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша,

қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау бойынша;

-Басқармадағы және Орталықтағы мүліктерді пайдалана отырып заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру.

   5) Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

   Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 530 бұйрығымен бекітілген Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидасына сәйкес Басқармамен 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу»

 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру».

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері ( ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (фунционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: қызметті берушінің кеңсесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері: тегін

Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

6) Рұқсат беру функцияларын іске асыру асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Басқарманың және Орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде рұқсат беру функциялар қарастырылмаған.

 7) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді  іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Басқарманың және Орталықтың  барлық қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағанына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлер анықталмады.

 

8)Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

269 001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 261 771,0 мың теңгенің 261 768,1 мың теңгесі игеріліп, жоспар 100%-ға орындалды. Игерілмеген 2,9 мың теңге нақты шығыстардан үнемделген.

  Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 17 іс-шара өткізілді (жоспар 17 іс-шара), бұл іс-шараларға жалпы 143 443,0 мың теңге бөлініп, толығымен жүзеге асырылған.

  Дін істері басқармасы бойынша бекітілген 11 бірлік мемлекеттік қызметкер, 5 бірлік техникалық қызмет көрсету бойынша қызметшілер ұсталған, 2 бірлік бос орын (1 бірлік бас маман, 1 бірлік         жүргізуші)Облыс аумағындағы діни ахуалды сараптау және талдау, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында облыс тұрғындары арасында 6 тақырыптағы сауалнамалар жүргізілді. Әрбір тақырып бойынша 1300 респондент қамтылған.

Діни негіздегі теріс бағыттағы үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында
10 тақырыпта бейнероликтер және 3 тақырыпта бейнефильм («Діни Сергектік – діни алауыздықтың алдын алу», «Шетелде діни білім алу», «Ырымдар қайдан шығады?») дайындалып, көрсетілімі  ұйымдастырылды. Бейнероликтерді интернет кеңістігінде және телеарналар арқылы кеңінен тарату, облыс тұрғындарының теріс діни ағым өкілдерінің іліміне қарсы насихат жұмыстарында иммунитетті нығайту пысықталған.

Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы әлеуметтік желілерде қарсы насихаттық материалдар (Шет елде діни білім алудың қауіптілігі мен деструктивті діни ағымдардың беделін түсіруге бағытталған 5 – ролик, демативатор, карикатура, форматында 12 – фото, 12 – бейнематериал, қазақ зиялыларының тәрбиеге байланысты қанатты сөздері мен нақыл сөздері негізінде 500 инфобаннер, әлеуметтік желілердегі трендке айналған форматтарды пайдалана отырып 12 тақырыпта – подкаст, 24 –нарратив, 12 – дыбыстық жазба, 12 – Doodle video, «Дін мен ырым» тақырыбында 45 бейнеролик) дайындалды.

  Ұлттық ұстанымдар мен әдет-ғұрыпқа кері әсер етуші іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында «Мемлекет. Қоғам. Дін» (25 тақырыпта, 30 минуттық),   телебағдарламасы жергілікті телеарналар арқылы айына 4 (төрт) реттен қайталауымен мемлекеттік тілде шығарылды.

  Аталған бейнеөнімдердің  көрсетілімі жергілікті «ONTUSTIK TV» телеарнасынан ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, зайырлылықтың базалық қағидаттарын ілгерілету, этносаралық, конфессияаралық диалог пен келісімді насихаттау, діни экстремизм идеологиясының алдын алу жөніндегі 24400 бүктеме басып шығарылды.

Сондай-ақ, Орта Азиядан шыққан ойшылдар мен дін ғалымдарының өмірі мен рухани мұрасы жайында қысқаметражды 3 деректі фильмдер түсірілді.

        Түркістан облысы дін істері басқармасының дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған семинар-кеңестер өңірдің 17 қала, аудандарында, жалпы 51 семинар-кеңестер 3 бағытта жүргізілген. Атап айтқанда:

1.Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен және олардан зардап шеккендерді дәстүрлі дін жолына қайтару бағытында (мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне);

2.Арнаулы орта  оқу орындарындағы  студенттер мен оқушылар арасында дін саласына қатысты өткізілетін жұмыстар және іс-шаралар (дінтану негіздері пәні мұғалімдері және директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына);

3.Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған семинар-кеңестер мешіт имамдарына және т.б.).

Сондай-ақ, Түркістан облысы дін істері басқармасы тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, Қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы туралы ақпараттандыру мақсатында 17 қала, аудан аумағына билбордтар орналастырылды.                                            

Облыс аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, жастарды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, отансүйгіштік, ұлттық сананы кеңейту, ұлттық салт-дәстүрдің дінмен сабақтастығы мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Түркістан – қазақ руханиятының астанасы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстың барлық қала, аудандардың ішкі саясат бөлімінің басшылары, дін саласына жауапты мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері қатысты.

Облыс көлемінде діни негізде талдау, сараптау бағытында 10 500 дана ақпараттық-әдістемелік құралдары әзірленіп, («Түркістан облысы АТТ мүшелерінің жолнұсқаушысы», «Шынайы салафилікпен дерадикализация мәселелері», «Мазхабсыздық зардабы») ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында, сондай-ақ қала, аудан әкімдіктеріне, білім беру мекемелеріне, «Сарыағаш» медресе-колледжіне таратылды.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023 жыл және 2024 жылдың 5 айында деструктивті діни ағымдарды жақтаушы 2178 азаматпен 38310 жеке кездесу өткізіліп, кездесу нәтижесінде 207 азамат бейімделді.

 «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында елге қайтарылған азаматшаларды қазақстандық қоғамның құндылықтары мен дәстүрлі көзқарастарға бейімдеу мақсатында 5 азаматшамен 82 кездесу өткізіліп, кездесу нәтижесінде қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімделді.

Сонымен қатар, қала, аудан, ауылдық округтер тұрғындары арасында, мемлекеттік мекемелерде (әскери бөлімдерде, құқық қорғау органдары және медицина қызметкерлері арасында) облыстағы жоғары, арнаулы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мектептеріндегі жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын алу бойынша 3194  кездесу өткізіліп, 210 418 адам қамтылды.         

 

9). Жасырын қызметтерді анықтау: талдау барысында жасырын қызмет түрелері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы төмендегіледі ҰСЫНАДЫ:

1.Орталық қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.

  1. Негізсіз үстеме жұмыстарды болдырмау мәселесін қатаң бақылауға алуды (қызметшілерді үстеме жұмысқа тек аса қажеттілік туындаған жағдайларда заңнама талаптарына сай рәсімделген тиісті акт негізінде тартуды);
  2. Басқармада (мемлекеттік қызметшілерге қажеттілік туындаған жағдайда) қашықтықтан және аралас режимді, сондай-ақ жұмыстың икемді кестесін енгізу мәселесін қарастыруды;

4.Әдеп жөнідегі уәкілдің тікелей қатысуымен күнделікті жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуы кезеңдерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда, жауапты қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша тиісті шараларды қабылдауды;

  1. Еңбек заңнамасының талаптарын сақталуын қамтамасыз ету және бұзушылықтарға жол бермеуді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Дата публикации
26 июня 2024