Түркістан облыстық балалар ауруханасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар хирургі, медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» КЕАҚ Балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Ерекешев Асылжан Әбубәкірұлының қатысуымен консультативтік-практикалық шеберлік сынып ұйымдастырылды. Жансақтау бөлімінде жатқан критикалық жағдайдағы нәрестелерді бірлесе қарап, клиникалық консилиумдар өткізілді.
1айлық нәрестеге илеостоманы жабу бойынша ота жасалынды. Нәрсте Х.К., 1 ай 14 күндік, туа біткен ащы ішектің атрезиясының айналып кетуімен (заворот) даму ақауымен өмірінің алғашқы сағаттарында ОБА-сында ота жасалынып, жіңішке ішекке анастомоз жасалынып, энтеростома шығарылған болатын, үй жағдайына жақсарумен шығып, ОБА - сының мамандарымен бақыланған болатын.
2026жылдың 24қыркүйегінде ОБА-ның неонатальды хирургымен кезекті қаралынып, нәрестенің жағдайы толықтай бағаланып, ҚР-ның штаттан тыс бас неонатальды хирургы Ерекешовтен А.А. кеңес алынды. Нәресте сол күні ОБА-сына жатқыздырылып, ота алды дайындық жасалынғаннан кейін, 26-қыркүйекте нәрестеге ота жасалынып, энтеростома жабылды. Отаға ҚР штаттан тыс неонтальды хирургы Ерекешов Асылжан Аубакирович, Тұрысбеков С.А, және анестезиолог Нұсқабай Ш.М. қатысты. Қәзіргі таңда нәресте неонатальды жан сақтау бөлімінде бірқалыпты жағдайда емін жалғастырып жатыр.
Практикалық көмек ретінде жоғары технологиялық хирургиялық оталар жасалды, жергілікті балалар хирургтарына шеберлік сабақтарын (мастер-класс) өткізілді; Операциядан кейінгі кезеңде нәрестелерді интенсивті терапия шартында күтіп-баптаудың халықаралық стандарттары бойынша ұсыныстар берілді.
1 қазанда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен «Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұркен Әділханұлы Түркістан қаласында жұмыс сапарын жалғастырды.
Сапар аясында өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды нысандар араланды:
🔹 Ірі медициналық орталықтардың құрылысы
Делегация өкілдері Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан 570 төсектік облыстық көпсалалы аурухананың құрылыс алаңында болды. Сонымен қатар Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян атындағы 80 орындық жаңа перзентхананың құрылыс барысымен егжей-тегжейлі танысты. Құрылыс сапасы, нысандарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және пайдалануға беру мерзімдері талқыланды.
🔹 Перинаталдық орталық жұмысы
Вице-министр Түркістан қаласындағы №3 Облыстық перинаталдық орталығына (Нышанов көшесі, 18А) барды. Бөлімшелердің тыныс-тіршілігімен танысып, пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын тексерді және емдеуші дәрігерлермен пікір алысты.
Ана мен бала денсаулығын қорғау және заманауи неонаталдық көмек көрсету бағытында кезекті жоғары көрсеткіш тіркелді. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК білікті дәрігерлер тобы мен неонатологтарының жедел әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде шала туған үшем нәрестелердің клиникалық жағдайы толық тұрақтандырылып, олар үйіне сәтті шығарылды.
Орталық емделушісі Маметова Динара Абилдаевна мерзімінен бұрын (33 апталық жүктілік кезеңінде) үшем босанған болатын. Қарқынды терапия мен арнайы күтім шараларынан кейін нәрестелер оң салмақ қосу динамикасын көрсетті.
Нәрестелердің клиникалық жағдайы мен салмақ көрсеткіштері туралы мәлімет:
1. Ошақбай Сұлтан Ғабитұлы (09.09.2026 ж. туған).
* Негізгі диагнозы: Шала туу (33 апта), Респираторлық дистресс-синдром (РДС).
* Салмақ көрсеткіші: Туған кезде – 2145 гр. Орталықта өткізген 13 тәуліктік қарқынды емдеу-оңалту шараларынан кейін, 21.09.2026 ж. үйіне 2155 гр салмақпен қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.
2. Ошақбай Омар Ғабитұлы
* Салмақ көрсеткіші: Туған кезде – 2240 гр. Емдеу ұйымынан шығу сәтіндегі салмағы – 2260 гр. Жағдайы тұрақты.
3. Ошақбай Осман Ғабитұлы
* Салмақ көрсеткіші: Туған кезде – 2030 гр. Шығарылған кездегі салмағы – 2050 гр. Клиникалық серпіні оң.
Орталық басшысы Салтанат Усадуллаевна бұл оқиғаға қатысты өз мәлімдемесін білдірді:
«Үшемдердің дүниеге келуі — біздің орталық үшін үлкен жауапкершілік пен мақтаныш. Әсіресе 33 апталық мерзімде және РДС диагнозымен туған сәбилерді аман-есен алып шығу — неонатолог-дәрігерлеріміз бен реанимация бөлімінің жоғары біліктілігінің дәлелі. Сәбилердің салмақ қосу серпіні жақсы. Біз Ошақбай әулетін жаңа мүшелерімен құттықтаймыз және нәрестелердің дені сау, ғұмырлы болуын тілейміз!»
Нәрестелердің алдағы уақытта физиологиялық дамуы тұрғылықты мекенжайы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының және учаскелік педиатрлардың қатаң патронаждық бақылауында болады.
https://www.instagram.com/turkistandsb?igsh=MWFzNno1M3NpaWZydg== https://www.facebook.com/share/1D12v2J3gu/?mibextid=wwXIfr
«№1 Облыстық перинаталдық орталығында» орта буын медицина қызметкерлеріне арналған «Аз салмақты нәрестелердің тамақтану ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинарды ана сүтімен емізуді қолдау жөніндегі жауапты маман Индира Нұрланқызы өткізді.
Іс-шара барысында аз салмақпен дүниеге келген нәрестелердің тамақтану ерекшеліктері, ана сүтінің маңыздылығы, емізуді дұрыс ұйымдастыру, лактацияны қолдау және шала туған нәрестелерді тиімді тамақтандырудың заманауи тәсілдері қарастырылды.
Семинарға орталықтың орта буын медицина қызметкерлері қатысып, нәрестелерді күту мен тамақтандыру бойынша өз білімдерін жетілдірді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, клиникалық жағдайларды талқылады.
Аталған семинар медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталды.
15–16 шілде күндері Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Мұса Мендибаевич Сахиповтың қатысуымен шеберлік сағаты өтті.
Екі күн ішінде мамандар бірлесіп 4 күрделі хирургиялық ота жасап, емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады, күрделі клиникалық жағдайларды саралап, практикалық тәжірибелерімен алмасты.
Мұндай шеберлік сағаттарын өткізу мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін енгізуге және медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы Сахипов Мұса Мендибаевичке жоғары кәсібилігі, тәжірибе алмасуға ашықтығы және өңірдегі хирургиялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Орталық базасында «Жүктілік кезіндегі экстрагенитальды патология» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Оқу цикліне мекеменің 20 акушер-гинеколог дәрігері қатысты.Маңызды іс-шараны “University Medical Center” (UMC) Корпоративтік қорының жетекші маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Гаури Биллахановна Бапаева жүргізді.
Бес күндік бағдарлама аясында дәрігерлер күрделі патологияларды ерте анықтау, заманауи диагностикалау және емдеу хаттамаларын қолдану әдістерін жан-жақты меңгерді.
▪️Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Бүгінде өңірде 25 медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысына арналған алқа отырысында мәлім болды.
▪️Жиынға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысып, өңірдің денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстарды саралады. Басқосуда ана мен бала денсаулығын қорғау, онкологиялық және кардиологиялық қызмет, иммунопрофилактика, медициналық ұйымдардың тиімділігі, инфрақұрылымды дамыту және өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Түркістан облысының Басқармалар үйінің бірінші қабатындағы Азаматтарды қабылдау орталығында 2026 жылдың 16 шілде күні 16:00-17:00 уақыт аралығында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Мархабайұлының азаматтарды жеке қабылдауы өткізіледі.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін
5-93-79 байланыс нөмірге хабарласуға болады.
Астана қаласында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында «Инсульт мектебі – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ауқымды ғылыми жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген жетекші неврологтар, нейрохирургтар, реабилитологтар мен инсульт қызметінің мамандары қатысты.
Конференция барысында инсульттің алдын алу, ерте диагностикалау, заманауи емдеу әдістері, оңалту және инсульт қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланып, қатысушылар тәжірибе алмасты.
Конференция аясында Қазақстан Республикасының инсульт қызметінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының Инсульт орталығының меңгерушісі Тилеубердиева Динара Дархановна салтанатты түрде марапатталды.
Бұл марапат – Динара Дархановнаның инсульт қызметін жетілдіруге, пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетуге және өңірдегі инсульт қызметінің дамуына қосқан еңбегінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.