Положения

«Түркістаноблысының қоғамдық денсаулық басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Түркістан облысының қоғамдық денсаулық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесіөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 161225, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 160 орам,18 телім.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15.Міндеттері:

1) азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқығыніске асырылуын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;

16.Функциялары:

1) азаматтарды және оралмандарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

3) денсаулық сақтау бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi функциясын жүзеге асыру;

4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушiлердi таңдауды және олардың шығындарын өтеудi жүзеге асыру;

5) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды:

амбулаториялық деңгейде – уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде – дәрiлiк формулярлар шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асыру;

6) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлiктi, сондай-ақ мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарына күрделi жөндеу жүргiзуге арналған қызметтер көрсетудi сатып алуды ұйымдастыру;

7) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз ету;

8) денсаулық сақтау саласындағы өңiрлiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

9) жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына беру;

10) төтенше жағдайлар кезiнде тегiн медициналық көмек көрсетудi, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

11) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру және үйлестiру;

12) гигиеналық оқытуды, саламатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру;

13) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

14) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;

15) Түркістан облысының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде статистикалық әдiснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру;

16) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттау жүргiзу.

17) облыс әкімдігіне: шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу туралы;

байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесін шақыру мен отырыс өткізу тәртібін бекіту туралы ұсыныстар енгізу;

18) байқау кеңесінің құрамын қалыптастыру және бекіту;

19)сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметті, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

20) Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының мекемесінің бағынысындағы заңды тұлғалардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн қарайды, бекiтедi және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңында көзделген жағдайларда келiседi;

21) «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бағынысындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;

22) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiндегi тұрақтылықты және тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне арналған бюджет қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етедi;

23) денсаулық сақтау ресурстарын тиiмдi жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етедi;

24) медициналық көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiндегi шараларды қабылдайды;

25) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

26) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

27) жас мамандарды әлеуметтiк қолдау және бекiту шараларын қоса алғанда, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;

28) денсаулық сақтау ұйымдарының желiсiн салу және дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның iшiнде дәрiханалардың мемлекеттiк желiсiн дамыту және дәрiханалық қоймалар құру бойынша шаралар қолданады;

29) денсаулық сақтаудың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларының қызметiн үйлестiредi;

30) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимiн енгiзу кезiнде тегiн медициналық көмек көрсетудi, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi;

31) туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы сот шешiмiн орындауға жәрдемдеседi;

32) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын субъектiлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

33) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

34) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектiлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

35) фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елдi мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пункттерi және жылжымалы дәрiхана пункттерi арқылы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыру үшiн медициналық бiлiмi бар мамандарды оқытуды жүргiзедi;

36)денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттауды өткiзедi;

37) уақытша бейiмдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтiп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;

38) денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;

39)шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын  басшысының,  оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің, лауазымдық айлықақыларының  мөлшерін, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы  беру  жүйесін бекіту;

40)денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, саламатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшiн қажеттi iс-шараларды жүзеге асырады;

41) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадаға қауіп  төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар  етеді;

42) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;

43) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу;

3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен мәселелерді қарау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларын әзірлеу.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Түркістан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады;

2) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;

3) «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы медициналық ұйымдардың басшылары мен басшылардың орынбасарларын тағайындайды және қызметтерінен босатады;

4) сенім хат береді;

5) заңнамалармен, осы ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

6) «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түркістан облысыныңқоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Түркістан облысының қоғамдықденсаулық  басқармасы» мемлекеттік  мекемесінің қарамағындағы ұйымдарының

ТІЗБЕСІ

 

1) Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2) Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының«Облыстық балалар ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

3) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Облыстық туберкулезге қарсы диспансер»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

4) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Облыстық тері-венерологиялық аурулары диспансері»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

5) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

6) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Облыстық психикалық денсаулық орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

7) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының
«№1 Облыстық перинаталдық орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

8) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының
«№2 Облыстық перинаталдық орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

9) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының
«№3 Облыстық перинаталдық орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

10) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

11) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Жансая» облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

12) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Балықшы»  мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийі»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

13) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының
«Ақ-Бұлақ» обылыстық балалар өкпе-құрт аурулары шипажайы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

14) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Сарыағаш» облыстық балалар шипажайы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

15) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Түркістан қалалық емханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

16) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Түркістан қалалық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

17) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Түркістан қалалық балалар ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

18) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

19) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Түркістан жоғары медицина колледжі»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

20) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Жетісай медицина колледжі»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

21) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Арыс аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

22) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

23) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

24) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Түлкібас аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

25) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

26) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Атакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

27)Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

28) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Жетісай аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

29) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Отырар аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

30) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Сайрам аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

31) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

32) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

33) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Абай» Келес аудандық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

34) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Төлеби аудандық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

35) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Шардара аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

36) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Ордабасы аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

37) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Созақаудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

38) Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының«Кентау қалалық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

39) Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының«Кентау қалалық емханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

40) Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының«Ленгір қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

41) Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының«Ленгір қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

42) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Арнайы медициналық жабдықтау базасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

43) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

44) Түркістан облысыныңденсаулық сақтау басқармасының«Облыстық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

 

Дата публикации
29 октября 2020