«2022 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша облыстық медициналық ұйымдары үшін медициналық бұйымдар сатып алу»

«Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» ММ  «2022 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша облыстық медициналық ұйымдары үшін медициналық бұйымдар сатып алу» тендер тәсілімен сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды, сатып алынатын тауарлардың халықаралық патенттелмеген атаулары, сауда атаулары – пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда, тауарлардың қысқаша сипаттамасы және олардың мөлшері (көлемі, сатып алуға бөлінген сома), олардың толық тізбесі, саны және егжей-тегжей ерекшілігі тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Тауар  тапсырыс берушінің қоймасына дейін жеткізілуі тиіс. Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі түзілген шартқа сәйкес тапсырыс бойынша 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Тендерлік  құжаттама пакетті 2022 жылғы 09 қазан сағат 10-30-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекен-жай бойынша: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18, мемлекеттік сатып алу бөлімі, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін немесе электрондық почта uko-zdrav@mail.ru алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2022 жылғы 10 қазан сағат 10-00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2022 жылғы 10 қазан сағат 10-30-де мына мекен-жай бойынша ашылады: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18.

Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуына болады.

Дата публикации
19 сентября 2022