2022 дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу

«Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» ММ  «2022 дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу» тендер тәсілімен сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды, сатып алынатын тауарлардың халықаралық патенттелмеген атаулары, сауда атаулары – пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда, тауарлардың қысқаша сипаттамасы және олардың мөлшері (көлемі, сатып алуға бөлінген сома), олардың толық тізбесі, саны және егжей-тегжей ерекшілігі тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Тауар  тапсырыс берушінің қоймасына дейін жеткізілуі тиіс.               Тауарларды жеткізудің талап етілетін мерзімі түзілген шартқа сәйкес тапсырыс бойынша 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Тендерлік  құжаттама пакетті 2022 жылғы 14 наурызға сағат 10-30-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекен-жай бойынша: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін немесе электрондық почта uko-zdrav@mail.ru алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2022 жылғы                               14 наурыз сағат 10-00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2022 жылғы 14 қаңтар                наурыз 10-30-да мына мекен-жай бойынша ашылады: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18.

Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуына болады.

Дата публикации
23 февраля 2022