
1. Экономика және қаржылық жоспарлау бөлімі қоғамдық денсаулық басқармасының функционалдық құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Конститутциясына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV кодексі, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416- V Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларына, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына және де нұсқаушы құжаттарына сәйкес, сондай-ақ бөлімнің жұмыс жоспарлары негізінде іске асырады.