Борлысай жалпы орта мектебінің 40 жылдық бітірушілері ауылдың орталығына "Менің ауылым Қошқарата" атты ескерткіш салдырып берді. "Қаланың тас бауыр мінезі бойыңа сіңбесін десең, ауылға жиі барып тұр" деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөзімен әрленген. Салтанатты ашылуына ауыл әкімімен қоса ауылдың құрметі азаматтары қатысты.
Осылайша Борлысай орта мектебінің 1984 жылғы түлектері кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық іс жасап, халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Кеше Борлысай ауыл округі Ақтас елді мекенінде санитарлық тазарту аясында сенбілік шарасы өтті.
Сенбілікке қатысушылар бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбіліктер - тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.
Борлысай ауыл округі бойынша жастар арасында волейболдан өткен жарыс Борлысай ауыл округінде жастарды спортқа тарту мақсатында округ көлемінде волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 6 команда қатысып тартысты әрі үлгілі ойын көрсетті. Жүлделі орын алған командаларға ауылдағы спорт жанашырлары мақтау қағазы мен кішігірім сыйлықтарын табыстады. Ауыл тұрғындары ойыннан жақсы әсер алып, демалып қайтқандары жайлы жарыса айтуда.
https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-borlysai