GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
25 октября 2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
 
Құрметті Бәйдібек ауданының тұрғындары!
 
Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – “25 қазан – Республика күнімен” шын жүректен құттықтаймын!
 
Республика күні – еліміздің егемендікке ұмтылысын айқындаған, мемлекеттілігіміздің негізін қалаған тарихи күн. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіздікке қарай жасаған маңызды қадамы болды. Ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда еліміз өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде жаңа тарихи кезеңге қадам басты.
 
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 35 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз әлемдік қауымдастықтан өз орнын тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік даму жолында толайым жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде көк байрағымыз биікте желбіреп, елдігіміз нығайып, болашаққа деген сеніміміз арта түсуде.
“Тәуелсіздіктің тұғыры – ел бірлігі, ал ел дамуының негізі – халықтың адал еңбегі”. Сондықтан әрбір өңірдің өркендеуі, әрбір ауылдың көркеюі, тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруы еліміздің ортақ жетістігі саналады.
 
Осы бағытта Бәйдібек ауданында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді ауыз сумен және табиғи газбен қамту, жолдарды жөндеу, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
 
Бүгінде ауданымыздағы 50 елді мекеннің барлығы ауыз сумен қамтылған. Табиғи газбен қамту деңгейі де артып келеді. Әлеуметтік нысандардың жаңаруы мен жаңа спорттық ғимараттардың пайдалануға берілуі тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, әсіресе өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына мүмкіндік беруде.
 
Әрине, алда атқарылар міндеттер де аз емес. Біздің басты мақсатымыз – ауданның әлеуетін арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу және келер ұрпаққа гүлденген өлке қалдыру. Бұл жолда бірлігімізді бекем ұстап, ортақ іске жұмыла еңбек етуіміз қажет.
 
Құрметті жерлестер!
 
Туған жеріміздің өркендеуі мен еліміздің болашағы – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тәуелсіздігіміздің тұғыры нығая берсін! Әр шаңыраққа бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
 
Бәйдібек ауданы көркейіп, еліміздің мерейі үстем болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!
25 октября 2026
БӘЙДІБЕК: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
 
25 қазан – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты жиын өтті. Ұлттық мерекеге арналған шара елдігімізді ұлықтап, тәуелсіздігімізді дәріптеу, отансүйгіштік рухты нығайту және ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.
 
Мерекелік шарада аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға ізгі тілегін білдірді.
 
Мереке аясында ауданның өркендеуіне және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталып, облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
 
Жиын барысында аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары патриоттық әндер орындап, ұлттық өнерімізді ұлықтаған әсем музыкалық тартуларын ұсынды. Мерекелік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттырды.
 
Республика күні – азаттықтың айғағы, елдіктің тұғыры, бірлік пен татулықтың символы. Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын биіктетіп, туған жеріміздің өркендеуіне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет.
 
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Ақпараттық материалдaр
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке  көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт
20 октября 2026
ЖАС АҚЫННЫҢ ЖЕТІСТІГІ – АУДАН МЕРЕЙІ: АУДАН ӘКІМІ САНЖАР ӘБДІСАТТАРҰЛЫН ҚАБЫЛДАДЫ
🔹Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков республикалық жас ақындар айтысында топ жарып, ұлттық өнерімізді ұлықтаған жас талант Санжар Әбдісаттарұлын қабылдап, жетістігімен құттықтады.
 
🔹Шаян ауылындағы «Шаян» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Санжар Әбдісаттарұлы 2026 жылғы 14–15 қазанда өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысына қатысып, «Жыл дүлдүлі – Жамбылдың домбырасы» арнайы бәйгесінің иегері атанды. Сонымен қатар ол Жамбыл Жабаевтың немересінің қолынан жыр алыбының қасиетті домбырасын алу құрметіне ие болды.
 
🔹Аудан әкімі жас ақынды айтулы жеңісімен құттықтап, оның жетістігі туған жері үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Сондай-ақ ұлттық өнерді дәріптеп, айтыс дәстүрін жалғастырып жүрген жас талантқа ақ жол тілеп, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.
 
🔹Айтыс өнеріне 2023 жылдан бастап ден қойып келе жатқан Санжар бұған дейін аудандық және облыстық байқауларда да жүлделі орындарға ие болған. Бәйдібек ауданының айтыс өнеріндегі бай дәстүрін жалғастырып келе жатқан жас ақынның алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел мерейін асқақтата беруіне тілектеспіз!
 
📌 Аудан әкімінің баспасөз қызметі
20 октября 2026
БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
 
🔹Ұласбек Сәдібеков VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен жергілікті мәселелерді шешу бағытында атқарған жұмыстарына алғыс білдірді.
 
🔹Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осыған байланысты алдағы кезеңде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары жүргізіледі
 
🔹Кездесу барысында аудан басшысы мәслихат депутаттарының тұрғындардың мүддесін қорғау, елді мекендердің өзекті мәселелерін көтеру және ауданның дамуына бағытталған бастамаларды қолдау жолындағы қызметтеріне тоқталды.
 
🔹Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысқан депутаттарға ризашылығын білдірген Ұласбек Сәдібеков олардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін атап өтті.
 
🔹Кездесу соңында VIII шақырылымдағы Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаттарына атқарған еңбектері мен ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды.
 
🖇️Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы
20 октября 2026
БӘЙДІБЕК: АҚБАСТАУДА СҮТ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАР
 
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбастау елді мекенінде орналасқан сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысатын «AKBASTAU ONIMDERI» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативімен және «BAIDIBEK AGRO» шаруашылығының жұмысымен танысты.
 
Атап айтқанда, «AKBASTAU ONIMDERI» АШӨК қымыз және құрт, май, ірімшік, көже, шалап секілді ұлттық әрі табиғи сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Ал «BAIDIBEK AGRO» шаруа қожалығы сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріп отыр.
 
Аталған шаруашылықтардың жұмысында жергілікті өнім өндірумен қатар, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруға, қолда бар жер ресурстарын тиімді пайдалануға және сүт өндірісін өркендетуге мүмкіндік мол.
 
Аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы осындай бастамалардың маңыздылығына тоқталып, жергілікті өнім өндірушілерді қолдау, өндіріс көлемін ұлғайту және шаруашылықтардың әлеуетін тиімді пайдалану аудан экономикасын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
 
“Жергілікті өнім – ауыл экономикасының тірегі”Сүт өндірісін дамыту арқылы ұлттық тағамдарымызды дәріптеуге, табиғи өнімдердің қолжетімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығының мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашылады.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 октября 2026
БӘЙДІБЕК: АУДАННЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕУІ ҚАЖЕТ
 
Аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған «10 күндік тазалық іс-шарасы» аясында барлық елді мекенде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
 
Осыған орай аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің қатысуымен аудан орталығы — Шаян елді мекенінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, айналаны көркейту, жасыл желектерді күтіп-баптау және елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды.
 
Аудан басшысы тазалық жұмыстары бір реттік шарамен шектелмей, күнделікті назарда болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, жауапты мекеме басшыларына, ауылдық округ әкімдігіне және тиісті сала өкілдеріне тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою және атқарылған жұмыстардың сапасын бақылау жөнінде тапсырмалар берді.
 
Елді мекеннің көркі — таза көшелерден, күтіп-бапталған аулалардан және ретке келтірілген ғимараттардан көрінеді. Осы бағыттағы жұмыстар ауданның барлық елді мекенінде жалғасып, тазалық пен тәртіпті сақтау басты назарда болады.
 
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында туған жерімізді таза ұстауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға баршамыз атсалысайық.
 
Тазалық — бір күндік науқан емес, күнделікті жауапкершілік.
 
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
19 октября 2026
КӘСІПКЕРЛІК ҚОЛДАУ – АУЫЛ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС
ЖҮЗІМДІК ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛДАУЫМЕН 2 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
 
Ауданда кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және кәсіпкерлердің туған жерді дамытуға қосатын үлесін қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков кәсіпкерлермен кездесіп, ауданның кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерін тыңдаған болатын. Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға, оның ішінде жол мәселесін шешуге қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар айтылды.
Осы бастаманың нақты нәтижесі ретінде Жүзімдік елді мекеніне кіреберістегі аудандық маңызы бар, ұзындығы 2 шақырымды құрайтын жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс жеке кәсіпкер, «Строй Класс 2018» ЖШС директоры Рауан Әдетбековтің демеушілігімен, өз қаражаты есебінен атқарылды.
Жөндеу жұмыстары аяқталып, жол тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Бұл – кәсіпкердің туған жерге деген жанашырлығы мен ауылдың дамуына қосқан нақты үлгісі.
Аталған шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуен қатысып, ауыл тұрғындарының атынан игі іске қолдау білдірген кәсіпкерге алғыс айтылды. Өз кезегінде тұрғындар Рауан Әдетбековке ризашылықтарын білдіріп, сый-сияпат табыстады.
Туған жердің көркеюіне үлес қосу – ортақ жауапкершілік. Осындай игі бастамалар кәсіпкерлер мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға жол ашады.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 октября 2026
БӘЙДІБЕК: АУДАНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОШАҒЫНЫҢ ІРГЕСІ ҚАЛАНУДА.
 
ЖИЕНҚҰМ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ МАҚТА ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
 
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Бөген ауылдық округіне қарасты Жиенқұм елді мекені аумағында салынып жатқан «J&B AGRO GROUP 2025» ЖШС-нің мақта өңдеу кешеніне барып, құрылыс жұмыстарымен және жобаның іске асырылу барысымен танысты.
 
Жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрайтын жоба ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, мақта шаруашылығын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасынан жеткізілген зауыт жабдықтарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 45–50 мың тонна мақта шикізатын өңдеуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 63 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
 
Сонымен қатар серіктестік алдағы уақытта мақта өңдеу зауынымен қатар тамшылатып суару жүйелерін, мақта майын және пленка өндіретін зауыттар салуды жоспарлап отыр. Жалпы құны 4,8 млрд теңгені құрайтын бұл жобаларды 2025–2028 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделген.
 
Аталған бастамалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, жергілікті өндірісті дамытуға, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға және аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал етеді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 октября 2026
БӘЙДІБЕК: АҚБАСТАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛЫП, ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
 
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекендегі өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы мәселелерге назар аударылды.
 
Атап айтқанда, ағын сумен қамтамасыз ету, каналдарды механикалық тазалау, су тасқыны қаупінің алдын алу және көшелерді жарықтандыру мәселелері көтерілді. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды назарға алып, әр мәселенің өзектілігіне қарай тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
 
Кездесуден кейін аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің жағдайын көріп, білім беру нысанының материалдық-техникалық жай-күйіне назар аударды.
 
Сонымен қатар, орталықтағы жаңа спорт кешенін аралады. «Trendim KZ» ЖШС құрылысын жүргізген спорт нысаны 1 гектар аумақта орналасқан, ғимараттың жалпы ауданы – 939 шаршы метр. Кешенде волейбол, баскетбол, кіші футбол, күрес және дзюдомен шұғылдануға барлық жағдай қарастырылған.
 
Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді. Бұл – ауылдағы спорт инфрақұрылымын дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды нысандардың бірі.
 
Аудан басшысы тұрғындар көтерген мәселелер мен әлеуметтік нысандардың жай-күйін назарға алып, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы