Меню

Страницы

Статья

ЖОЛДАУ ЖОЛ КӨРСЕТТІ

ЖОЛДАУ ЖОЛ КӨРСЕТТІ

                    Қазақстан  Республикасының  Президенті Қ.Ж.Тоқаев  Қазақстан халқына  арнаған  кезекті   дәстүрлі   Жолдауын  жолдады.   Мемлекет  басшысы биылғы  Жолдауында Қазақстанның   әлеуметтік әлауқатын жақсарту үшін қабылдануы  керек  нақты  шараларды  атап  көрсетті.                  Қоғамдық  бақылау  институтын  қолдай  отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек деді. Мемлекеттік  органдардың,  квазимемлекеттік  сектордың  қоғам  алдындағы  ашықтығын  және  есептілігін  қамтамасыз  етуге  жол  ашатын  Қоғамдық  бақылау туралы заңды әзірлеп, қабылдау тапсырылды. Қоғамдық  кеңестердің  рөлін  арттырып,  қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін  кеңінен  тарту  қажеттігін  алға  тартты.

        Еліміздегі  пандемия  жағдайында  көптеген  жұмыстар онлайн режимінде атқарылды. Соның бірі білім  беру  саласының  онлайн  режимге  әлі  де  дайын емес екенімізді президент мүмкіндігінше тікелей мектепке  барып  оқу  қажеттелігі   жөнінде  арнайы министрге  тапсырды.  Яғни  алдағы  уақытта  білім  берудің  дұрыс  қалыпта  жүргізілетіні  қуантады.      Келесі  жылы  ауыл  әкімдерінің  өкілеттік  мерзімі аяқталуына  байланысты  ауыл  әкімдерінің  тікелей  сайлауы  өткізілуі  мүмкін  екенін  мәлімдеді.  "Қоғамдық пікір  сауалнамалары  халықтың  ауыл  әкімдерін  сайлауға  тікелей  қызығушылығының  артқанын  көрсетеді.           Жолдаудың негізі -  ел экономикасы мен әлеуметтік мәселелерге  арналған,  әрине  әлеуметтік-экономикалық мәселелер  әрқашанда  негізгі сұрақтардың бірі болып  табылатыны  сөзсіз,  сондықтан  да  отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел эк ономикасын дамытуға септігін тигізеді деген  ойдамын.

Жолдауды  халық  болып  қолдауға  шақырамын.

 

Ермаханбет ТОЙЖАНОВ,

Шаян ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы.

Дата публикации
03 сентября 2020
Дата обновления
03 сентября 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Бағыттар
13 августа 2026
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
07 июля 2026
02 июля 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы