Меню

Страницы

Статья

Жолдауға қолдау!

                Қарапайым халық арасынан шыққан,әсіресе мына пандемия билікке,биліктің іс-қимылына көңілі толмайтын азаматтардың түрлі әлеуметтік желілер арқылы жазғандарын оқып ,халықтың үніне құлақ асатын билік бар ма?- деген сұрақ мазалаушы еді. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың  1- қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстанның іс- қимыл кезеңі» атты жолдауы – халықтың ойынан шыққан жолдау болды. Жолдауда қоғамда қордаланған мәселелерді ашық айтып , қазіргі әлеуметтік –экономикалық , саяси жағдайға жан-жақты талдау жасап  және оны оңалту бағытында нақты міндеттер қойған ,сондай –ақ , халық үніне құлақ асатын мемлекет құрудың алғышарттары көрсетілген .

         «Заңдылық пен әділеттілік сөзсіз қамтамасыз етілуі керек»- баса айтқан мемлекет басшысы, мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылауды күшейтуге арналған «қоғамдық бақылау туралы» Заң әзірлеп , оны қабылдауды тапсырды.

     Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру жөнінде айтқан ел президенті,оларды сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында сатып алуды (мемлекеттік сатып алуды) ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына кеңінен тартуды, мәслихаттарға өңірді дамытуға және ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан жергілікті түйткілді мәселелерді шешу үшін қол жинау мен петиция жасау құзыретін беру жайында, әсіресе, халықтың сұранысын ескере отырып , ауыл әкімдерін тікелей сайлау, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндіктерін арттыру арқылы тұрғындардың шнайы қажеттілігіне жұмсау туралы айтқандары елдің көкейіндегісін дөп басуы деп ойлаймын.

       Кәсіпкерлерге қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүргендіктен ,шағын және орта бизнеске қатысты жолдауда айтылған қолдауларға қатысты да айта кеткенді жөн көріп отырмын .  Шын мәнінде пандемияның зардабы кәсіпкерлерге ауыр тиді . көпшілігі жабылып немесе уақытпен шектеліп , қаржылық қиындықтарға тап болған уақытта , мемлекеттің қолдауы аса қажет еді.  Шағын және орта бизнеске салық жеңілдіктері берілді , олардың төлеу мерзімі ұзартылды, айналым қаражатын көбейту бойынша арнайы бағдарлама қабылданды және қазіргі күрделі жағдайға қатысты қосымша 200,0 млрд теңге қаржы бөлу арқылы бағдарламаның жалпы құнын 800,0 млрд теңгеге дейін жеткізуге тапсырма берілді.Экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлерге барлық несиелерінің 6 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемесі бойынша 12 айға мемлекеттік субцидия берілуі- кәсіпкерлерге кәсібін қайта жандандыруға үлкен көмек болары сөзсіз.  Қорыта айтқанда мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың бұл жолдауы елдің игілігіне бағытталған барлық уақыт талабы мен  қоғам үмітіне жауап беретін тарихи жолдау болды .

 

С.Спабеков

Аудандық мәслихат депутаты , аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы , облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры

Дата публикации
03 сентября 2020
Дата обновления
03 сентября 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Бағыттар
13 августа 2026
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
07 июля 2026
02 июля 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы