Меню

Страницы

Статья

ҚОЛДАЙМЫЗ, ҚУАТТАЙМЫЗ!

ҚОЛДАЙМЫЗ, ҚУАТТАЙМЫЗ!

 

         Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауын тағатсыздана күткеніміз рас. Өйткені бүгінгі күні Қазақстан халқы да әлем елдеріндегі ауыртпалықты өткеріп отырғаны анық.

Ол ауыртпалық: экономикалық дағдарыс, пандемия тағы тағылар...

Қазақстан алғашқы қиыншылықты елдің бірлігі арқасында өткере білді. Ендігі ретте не істеу керек? Президент Қасым-Жомарт Кемелұлынан күткеніміз де осы.

        Жақсылықты, жаңалықты күткеніміз анық. Бұл үмітіміз ақталды. Ауыл дамыса - еліміз көркейеді сондықтанда ауылды, ауылшаруашылығын көтеру керек. Президент бұл мәселені айтты. Ауыл шаруашылығын дамыту, қажетті мамандықты, мамандарды даярлауды үкіметтің назарына ұсынды. Көңілге қонғаны - Жердің сатылмайтындығы. Жер біз үшін, біздің болашағымыз үшін керек. Елдің ертеңін ойлайтын кез келді. Бүгінгі күні ауыспалы егіс жүйесінің сақталмайтындығы мені алаңдатады.

«Экономика халықтың мүддесі үшін еңбек етуі тиіс» - деді Президент. Шын мәнінде адамнан, адамның өмірінен артық қандай құндылық керек.

Күні кешегі күні тиісті сәтте емдік дәрі табуымыз мұң болды. Қ.Ж.Тоқаевтың «дәрі – дәрмекті өзімізде өндіруге тиіспіз» дегені де көңілден шықты.

Жалпы Жолдауды қолдаймыз, қуаттаймыз.

Жолдау орындалуымен құнды.Орындалатынына біз бек сенімдіміз.

 

 

Абзал Әділбеков,

Бәйдібек аудандық «Algabas» газетінің

директор-редакторы. 

 

Дата публикации
02 сентября 2020
Дата обновления
02 сентября 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Бағыттар
13 августа 2026
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
07 июля 2026
02 июля 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы