Меню

Страницы

Статья

Дауыс беру – азаматтың сайлау құқы

Дауыс беру – азаматтың сайлау құқы

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты, Бәйдібек ауданындағы 50 сайлау учаскесі –  аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша құрылған 13 сайлау округіне, бірмандатты облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Сайрам ауданының 19 сайлау учаскесімен бірге № 7 сайлау округіне, ал бірмандатты мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша Кентау, Созақ, Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандарымен бірге № 26 сайлау округіне қарайды. Азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлау учаскелері арқылы дауыс беріп, нәтижелері тиісті сайлау округтерінде шығарылатын болады. 

Сайлаушылар 4 наурыздан бастап тізімдегі өзі туралы деректерді тексеруге, жаңсақтықтар болса учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасауға құқы бар. Сонымен бірге, сайлаушылар сайлау учаскесі туралы мәліметті бірыңғай байланыс орталығының 109 телефоны, sailau2023.gov.kz арнайы сайты арқылы да білуге болады.

Дауыс беру – сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған үй-жайда 2023 жылғы 19 наурыз күні сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі. Сайлаушы сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылар тізімінің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін көрсеткен кезде беріледі. Егер сайлаушының бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, заңнамаға сәйкес, басқа адамның көмегін пайдалануға құқылы.

Сайлаушы денсаулығына, науқас отбасы мүшесін күту т.б. себептермен дауыс беру үшін келе алмайтын болса, сайлау күні сағат он екіден кешіктірмей учаскелік сайлау комиссиясына өзінің болатын жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгіне алады және учаскелік сайлау комиссиясы сол орында дауыс беруді ұйымдастырады.

Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде – сайлаушы өзінің болу орынын ауыстырған кезде, тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді. Ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлікті берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Есептен шығару куәлігін берген учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсындағы «ескертпе» деген бағанға есептен шығару куәлігінің берілгені туралы жазбаны, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күнін енгізеді және өзінің қолын қояды. Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді. Енгізілген сайлаушының тұсына есептен шығару куәлігі туралы белгі қойыла отырып, сайлаушылардың тізіміне соңғы реттік нөмірмен тіркеледі. Егер есептен шығару куәлігін басқа сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясы берген болса не бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде берілген болса, сайлаушылар тізіміне енгізілмейді.

Есептен шығару куәліктерін беру 2023 жылғы 18 наурыз күні сағат 18-де тоқтатылады. Пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссиялары акт арқылы жоюды.

Алдағы мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауында сайлаушыларға 5 түрлі бюллетень таратылады. Олардың екеуі – партиялық тізім мен бірмандатты сайлау бойынша мәжіліс депутаттарын, екеуі – партиялық тізім мен бірмандатты сайлау бойынша облыстық мәслихат депутаттарын, біреуі – аудандық мәслихат депутаттарын сайлауға арналған.

Партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс сайлауының бюллетень бланкісінде саяси партиялардың атаулары – «Amanat» партиясы, «Ауыл» партиясы, Respublika партиясы, Қазақстан халық партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, облыстық мәслихат депутаттарының сайлау бюллетеніне партиялық тізімі тіркелген 6 партияның – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан басқа партиялардың атаулары енгізіледі.

Бір мандатты округтер бойынша – Мәжіліс сайлауының бюллетеніне Бәйдібек ауданының аумағы кіретін № 26 сайлау округінен тіркелген кандидаттардың аты-жөндері, облыстық мәслихат депутаттары сайлауының бюллетенңне № 7 облыстық сайлау округінен тіркелген кандидаттардың, аудандық мәслихат депутаттары сайлауының бюллетень бланкісіне – тіркелген кандидаттардың аты-жөні он үш сайлау округі бойынша әліпбилік тәртіппен дербес енгізіледі. Сондай-ақ, барлық бюллетеньде «Бәріне қарсымын» жолы енгізілген.

Байқаушылар саяси партиялардан немесе аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардың атынан сайлау учаскесінің нөмірін таңдап, учаскеге алдын ала тіркеледі. Байқаушының өкілеттілігі – жіберген ұйымның тарапынан жазбаша нысанда рәсімделеді және мөрімен куәландырылады.

Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда тіркей алады. Олардың өтініші негізінде округтік сайлау комиссиялары сенім білдірілген адамдарға куәлік береді және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады.

            Алда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына келіп, дауыс беру – әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі деп санаймын.

Қырықбаев Марат Есіркепұлы,

Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

 

‹

 

 

 

 

Дата публикации
09 марта 2023
Дата обновления
09 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 августа 2026
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
07 июля 2026
02 июля 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы